Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет7/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
“Ата-анасының бесікке саларда азан 
шақырып қойған аты Қабанбай да, Дарабоз да емес, Ерасыл 
болатын. Өзіне керемет ұнайтын. Ойлап отырса, уайым-
қайғының не екенін білмейтін, ең алаңсыз, бақытты шағы да 
сол Ерасыл боп жүрген кезі екен». Енді Қабанбай болғалы өзінің 
атына зар болып қалады. Еліне Қабанбай атанған ердің ішкі 
ойы, мұңы да жетерлік:
 «Адамдар бақуат, бейбіт өмірге əбден 
зарығып, шөлдеп қалған екен-ау. Осы соғыс деген пəленің қайғы-
зар, азап-сордан өзге адамзатқа берері бар ма? Бірақ, амалың 
қайсы, əлімжеттік, зорлық бар жерде соғыс жалғаса береді... Ел 
намысы, ата кегі ғой шыдатпайтын» (79-б).
Романда жазушы қай кейіпкерін де бірнеше қасиеттерімен 
тоғыстыра көрсетеді. Батыры да, ел басқарған биі де тереңнен 
толғап, жүйелі де жеріне жеткізе сөйлейтін шешен əрі көреген.
Мəселен, Төле би:
«Мен кəрі сүйегімді сүйретіп, жат қолында 
қалған сонау Ташкенттен келгенде, жүрегімді жарған екі үлкен 
арман болатын. Оның бірі - кешегі Əз-Тəукенің алтын тағын
ту тіккен ордасын көріп, көңілімді бір демдеу еді, ол арманым 


23
орындалды. Бұдан кейін хан кеңесіне келіп, ағайынның алтын 
жүзін көремін бе жоқ па, ол жағы Алланың ісі.. Екіншісі - 
ата жұрттың жау қолынан ада-күде тазарып, азат-еркін ел 
болғанын көріп өлсем деуші едім. Арман шіркін алтайы түлкідей 
бұлаңдап, жеткізбейтін сиқы бар ма, қалай?! - деп ентігін басып 
сəл отырды. Өмірі басына ноқта кимеген, көзіне қамшы тимеген 
азат-асау ел едік. Тегінде қасиетті халқымыздың қазақ деген 
есімі - азат деген сөзбен төркіндес. Азаттықтан айырылғаны 
қазақтың құрып біткені... Міне, Ұлы жүз ұрпағының жоңғарға 
қарап қалғанына алдына елу жыл, артына отыз жылдай уақыт 
өтті. Халықты артық қан төгістен, үркін-босқыннан аман 
сақтап қалу үшін, амал жоқ, Халдан ханмен тіл табысуға 
тырыстық. Маңдайыңа құлдық таңбасы бір басылса, ол 
оңайшылықпен өшпейді. Қалмақтан қағажу көргеніміз аздай, 
енді отбасы отаныңды орысқа билетпексіңдер ме? Бодан-бодан 
дейсіңдер. Боданнан - құл туады, құлдан - жетесіз, жасық ұл 
туады... Сонда болашақ ұрпақтың жайы не болмақ?!» (15-бет). 
Осы сөзінде абыз би ел қорғаны батырларға иек арта сөйлеп, жөн-
сіз қару сілтеп, ел іргесін сөгулерін де, басқа елдің қақпанына түсіп, 
пенде болмауларын да қаламайтынын ұқтырады. Ендеше жеті рет 
өлшеп, бір рет кесетін заман келді. Соны ойлайық, сақ болайық 
дегенді баса айтады. Романда елдің сол кездегі хал-жайы, қонысы 
мен көршілес отырған елдермен қарым-қатынасы, ойын-той, салт-
жоралғы да өз кезегінде сəтімен өріліп отырады. Ер Қабанбай осы 
ел ішіндегі жайттарды да көз алдында ұстап, жөн айтып, кеңес 
беріп, игілікті істің бастаушысы болып суреттеледі. Əрине, ел 
ішіндегі алаңдаудың бастысы - төтеннен келген жаудың тырнағына 
ілігіп кетпеу. Үнемі ат пен қару-жарақтың əзірлігі батырлардың 
сергектігі қажет-ақ. Осы тұста ел басшылары да өз дерінің кесімді 
байлауларын айтып, елдің тізгінін босатпауды көздейді.
Абылай: 
«Ақырғы айқастың ауыр жүгі, Орта жүз, тағы 
да өздеріңе түскелі тұр. Бұл «киіз кімдікі болса – білек соныкі» 
дегендігім емес, биылғы жағдайдың өзі осыған əкеліп отыр. 
Арқаның қатал қысынан жілік майы үзіліп, жүдеп шыққан 
жұртың мынау. Жаудың қолы жағасынан ажырап, тынысы 
сəл кеңіген күні құдайын ұмытып, өзгеде ісі болмайтын етек-
басты еліңнің түрі анау... Өзіңнен басқа кімге сеніп, кімді аужал 


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет