21
Тұтқын мен түнтүнек некелескендей. Ендігі жарың сайқал түн.
Қараңғы қапасқа да түртінектеп үйренерсің». (593-б).
Жазушы
бас қаһарманының жан дүниесіндегі нəзік сырын, ішкі болмысын
ашуға мəн берген. Алдағы болғалы тұрған оқиғадан хабар беретін
детальдар мен сюжеттер, түс көру оқиғалары зобалаңы көп заман
тынысын барынша танытып, авторлық мақсатты айқындаған.
Осы арқылы романның лирикалық-философиялық
болмысы
тереңдей түскен. Тұрардан жауап алған Глебов сөзінің əсерін
қоюлатқысы келіп оның ең жанды жеріне тиіседі:
«... Өкі метте
өте ірі тұлға болғаның рас. Сол іріліктен мына халге бірден
құлағаның, əрине, өте қиын. Ал, ірі болып үйреніп қалған адамға
бишаралық халге түсу оңай емес. Намысың жібермейді. Қазір
мəселе бір-ақ нəрсеге тіреліп тұр: не өмір, не өлім. Өлім болғанда
да қорлық өлім. Мəңгі-бақи қара таңбалы өлім. Үрім-бұтағыңа,
ұрпақтарыңа қара таңба» (625-б). Тұрардың өмірде жасаған
əрекеті,
туған-туысы, күресі көз алдынан өтіп жатады. Ол іштей
бұл дүниемен қоштасып, тазарып кеткісі келеді. Өлімге айдалып
бара жатқан Тұрарды əкесі шақырғандай болады. Сірə, мына
өмірдің əділетсіздігінен, тозағынан құтқарғысы келген шығар.
Романның соңғы түйінінде автор
«Мен торыққан кезде, сіздің
рухыңыз əл-қуат берді, Тұрар көке. Мен сізді түсімде көретін
болдым. Қолымнан жетектеп алып, тасжарғанның бұтағынан
ұстап өрге қарай тартқылағаныңыз естен кетпейді.
«Жүр» дейсіз. Теңбіл Торғайды көрсетемін. Шолпан Кебісті
көрсетемін, дейсіз. О, ол бір ғажайып дүние еді: найза шыңдары
көз жетпес көкке тірелген таулар, айнала жаңғақ ағаштары,
зау теректер, зипа шынар, бұтақтарында жыбырлаған құс
ұялары. Құдайдың жұмақ жаратқан дүниесі. Жолбарысы мен
елігі бірге жайылған жадыра əлем. Шатқалда мен бұрын көріп,
естімеген ғажайып құстар сайрап, дүние-əлемді керемет əуенге
бөледі. Сіздің кенет қайда кетіп қалғаныңызды байқамаппын.
Сіз де жоқсыз, Шолпан Кебіс те жоқ, Теңбіл Торғай да жоқ»
(757-758 б). Сөйтіп, автор Тұрар Рысқұлов арқылы ұлтына
өмірін арнаған күрескер бейненің халық ұғымында тұрақталған
бейнесін ашады. Олар елі мен жерінің бостандығы үшін жан
пида етті. Олар тамұққа кетсе де халқының жұмақтай жерде
өмір сүруі үшін күресті. «Тамұқ» романындағы алма-кезек
22
ауысқан лирикалық суреттеулер, арпалысқан əрекеттер мен
тіз
бекті
оқиғалар, монолог туындының көркемдік табиғатын
ерекшелей түседі.
90-жылдары қазақ елі ежелгі арманы тəуелсіздікке қол
артқанда, тарихи роман тың серпін танытып, мұның алдындағы
туындыларда жеріне жеткізе қазылмаған, аршылмаған көп жаңа-
лық, ақиқаттарды бүкпелемей, сыздықтатпай,
бар дауыспен
ашық айтып берді. Бұл ретте алдымен ауызға алынатын шығарма
жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» роман-диологиясы»,
деп бағаланған (Ш. Елеукенов) “Дарабоз» романындағы ежел-
ден еркіндік аңсаған қазақ халқының болмысы шынайы
суреттеледі де, халық тарихында қалған батыр тұлғаларымен
байланыстырылады. Ел басына күн туғанда етігімен су кешетін ер
Қабанбай батырлық пен қаһармандықтың бейнесіндей. Ол
қолына
қару ұстаған батыр, кеудесінде ұлтын сүйген жүрегі атқақтай
соққан ер. Автордың мақсаты «ұзақ жылдар архивтің шаңын қаға
отырып, тарих жасаушылардың бұрмалаған фактілерін орын-
орнына қойып, белгілі бір жүйемен баяндау». Туынды тарихи
оқиғаны эпикалық
сипатта кеңінен қозғай отырып, көркем
тілмен сенімді баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: