Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет8/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
тұтарсың. Сондықтан осындағы хан мен сұлтан, батыр мен би, 
жыршы мен жырау ертеңнен бастап атқа қонып, ер-азаматты 
ту түбіне жинайтын болайық!» (347-бет).
Автор роман оқиғасын тартыс пен шиеленіске құра отырып, 
негізгі идеяны кең түрде ашады. Қазақ халқы ең алдымен іргесінің 
берік, ұрпағының аман болуын ойлаған. Сол үшін ерлігін де, 
ақылы мен парасатын да қатар қару еткен. Сайын даласының 
еркіндігін ойлап, елге пана болар азаматын ардақтаған. Соның 
аясында елдік пен ерлік, салт пен дəстүр, ағайыншылық пен 
адамгершілік секілді туыстас ұғымдар қатар жұмсалған. Елдің 
ерсіз болмайтыны секілді қазақтың əрбір соқталы кезеңі шоғыр 
тұлғаларды тудырып отырған. Қабанбай да сондай ерлердің 
бірі. Ол елінің рухын жоғары көтерген батыр. Автор сол рух пен 
елдіктің, ерліктің киесін əспеттей бейнелеген.
Жаңа ғасырдың басы қоғамға үлкен өзгерістер əкелді. Те-
рең өзгеріс, адам болмысының рухани түлеуі, эстетикалық-
дүниетанымдық көзқарастың құбылуы тұтас мəдени өмірге үлкен 
леп əкелді. Тəуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы өзінің лирика-
эпикалық сипатын, ұлттық өрнегін, бейнелілік пен символдық 
нақышын, постреалистік болмысын тереңдетті. Оның үстіне 
жаһан дық проблемалар адамзат қоғамымен тұтастандырыла 
су 
реттелді. Осыған байланысты қазақ романдарында адам өр-
ке 
ниетінің көне бастаулары, мифтік таным, неомифологизм, 
поли фониялық суреттеулер орын алды. Қазақ қаламгерлері про-
заның дəстүрін берік сақтай отырып, жаңа сипат үстеді. Жаңа 
қазақ прозасы реализм, модернизм, постмодернизм тəсілдерін 
қабыстыра отырып, терең философиялық, онтологиялық, дүние-
танымдық проблемаларды кең тұрғыда көтерді. Осы арқылы 
авторлар жалпыадамзат мəселесін қозғады. Жазушы Эрнест 
Төрехановтың «Ескендір мен Роксана» романынан осындай 
сипаттарды танимыз.
Көркем бейнелерді салыстыра талдау оның ұлттық ерек-
ше лігін аша түспек. Көне əдебиетте батыр, қаһарман, алып ер 
тұлғаларымен қатар, əйел бейнелерін тудыруға да көңіл бө-
лінді. «Рамаянадағы» Сита, шумер-вавилон эпосындағы Иштар 
мен Шамхат, Гомердің «Одиссеясындағы» Цирцея, Пенелопа, 
Навзикая, Еврипидтің «Медеясындағы» Медея, Софоклдің 


25
Антигонасы - ірі бейнелер. Əрине, əйел бейнесі əлеуметтік-
қо
ғамдық ортаның құрбаны болып та жатады. Өз бастарына 
түскен тағдыр ауыртпалығын ақылы мен парасаты арқылы жеңіп 
үстемдікке қол да жеткізеді. Жалпы христиан дінінде əйел туралы 
«зұлым», «күнəһар», «өтірікші», «кекшіл», т.б. деген сияқты өте 
төмен көзқарас қалыптасқан. Ал ислам дінінде əйелге, əсіресе, 
əйел-анаға деген көзқарас бұдан өзгеше. Бұған «Жұмақ ананың 
табанының астында», «Алдымен анаңды, анаңды, тағы да анаңды, 
одан соң əкеңді сыйла», «Ең қайырлы болғаныңыз, əйелдерге ең 
жақсы мəміле жасағандарыңыз болмақ», «Балаларды маха б бат пен 
сүйіспеншілікпен бағу, əйелдерге жақсы мəміле жасау - Ислам-
ның бармақпен басып көрсеткен ахлақ ережесі», т.с.с. ислам 
қағидалары дəлел.
Кез келген қоғамның маңызды институттарының бірі - от-
басы. Ал отбасындағы əйел жағдайы - отбасы мен неке тари-
хындағы келелі мəселелердің бірі. Көптеген тарихи жəне 
тілдік деректер қазақ əйелінің отбасылық мəселелерді шешуге 
белсенді қатысқанын, ерлеріне шаруашылыққа қатысты істерде 
көп көмектескенін дəлелдейді. Ал күйеуі жоқ кезде оның ор-
нын жоқтатпай, барлық тіршілікке қатысты мəселелерді өзі 
шешіп, тіпті қазақы салт-дəстүрге сай қонақ күтіп, оны жөн-
жоралғысымен шығарып салуға, күйеуін жаманатқа қалдырмауға 
міндетті болған. Сондықтан Айғаным, Бопай, Ұлпан, Зере 
сияқты əйелдерді халқымыз жоғары бағалаған. Қазақ əйелдері 
туралы сөз болғанда, əсіресе олардың сырты мен іші үйлескен 
сұлулығы, мінез байлығы, ақыл-парасаты жөнінде əңгімелегенде, 
ең алдымен батырлар жырындағы əйел кейіпкерлердің көз 
алдыңызға келері сөзсіз. Құртқа - қазақ əйеліне тəн ақыл-па-
расат пен көрегенділіктің, Жібек - сұлулық пен сымбаттың, 
Ай ман мен Ақжүніс əйел үшін таптырмайтын қасиет - қулық 
пен айлакерлік, тапқырлықтың, ал Баян - сұлулықпен бірге 
махаббатқа адалдықтың, сезімге тұ рақтылықтың символы. Қа-
зақта қыз баланың, жалпы əйел затының бойынан төменшектік, 
именшектік, ұялшақтықтан гө рі өжеттік, еркіндік, ақыл, парасат 
сияқты қасиеттерді жоғары ба ғалайды.
Өзінің жалғызілікті тағдырына мойынұсынбай күрескен 
бейнені ағарту дəуірінде ағылшын жазушысы Дефо «Роксана» 


26
романында көтерді. Дефоның кейіпкері Еуропаны кезіп, əр 
түрлі қоғамдық ортада жүретін арандатушы, куртизанка. Ол 
Людовик төртіншінің дəуірінде Лондон салондарында шалқып 
жүреді. Өзінің өткен өмірінің күмəнді тұстарын əбден жойып 
болдым-ау деген кезде, ол оқшауланып, жан тыныштығына бе-
рілуді ойлайды. Сонда күтпеген жерден өзі тастап кеткен туған 
қызына жолығады. Бұл жағдайды күтпеген шешесі мен қызының 
арасында өшпенділік орнайды. Бұдан құтылуды ойлаған шешесі 
қызының көзін жоюды ұйымдастырады. 
Қазіргі өнердегі концептуалдық бағыт макропоэтика, по-
лифония, нақты, танымдық жəне көркем қабылдау тəсіл де рін алға 
шығарды. Осының бəрі көркем мəтіннің бойына жи нақ талғанда, 
өзара гармония құрайды. Себебі, бұл көп салалы проблемалардың 
барлығы - Адам проблемасын ше шуге бағытталған. Романтизм 
мен реализмнен бастау алған постмодернизм мен барокко 
тəсілдерінің диапазоны кең. Бұл қазіргі қазақ прозасындағы 
көпсалалы идеядан, сюжет құраудан жəне кейіпкер бейнесінің 
жасалуынан байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет