Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет15/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80
Мен алпыстан асып, егде тарттым. Ол жап-жас, 
уыз жас. Үйленген де жоқ. Ұрпағы да жоқ», - деп жазады автор 
осы кейіпкерінің трагедиялық тағдыры туралы. 
Бір кейіпкердің тағдыры арқылы соғысқа атттанып, қайта 
оралмаған, соңында ізі қалмаған қыршындар өмірінен де хабар 
береді. Бас көтерер азаматтың бəрі соғысқа аттанған ауылдың 
да халі жақсы болған жоқ. Ауылдағы бар жұмыс бала-шаға мен 
əйелдерге қарап қалды. Олар өздері аш жүрсе де, тапқандарының 
бəрін майданға жіберіп отырды. Осындай ауылдағы ауыр 
жағдайды шығармадағы мына бір үзіндіден көруге болады: 
«Шəй 
ішіп отырмыз. Дастархан жүдеу. Жарты таба нан. Айша көзінің 
қарашығындай сандыққа салып сақтап жүретін кішкентай қозы 
қарын майдан бір қасық қана алып мейманның алдына қойды. 
Оны менің көзім тесіп барады. Таба нанға май жағып жеу 
деген – арман. Қарындасым мен інім де жетісіп отырған жоқ. 
Бірақ шыдайсың. Айшаның айбарынан қорқамыз. Иə, бұлар нан 
жемегелі қашан. Үнемі қызылша пісіріп жейді. Айша кейде қос 
уыс бидай қуырып, үш баласына теңдей бөліп береді. Сол дəнді 
бұлар ауыздарына бір-ақ салмай, бір-бір талдап қытырлатып, 
неғұрлым ұзағырақ таусуға тырысатын. Қайтеді, жағдай 
солай». Осылайша шағын ауылдағы қарапайым бір отбасының 
тіршілігі арқылы сол кездегі кез келген қазақ аулындағы өмір 
шындықтарымен танысамыз.
«Ай мен Айша» - өмірбаяндық романның жаңа үлгісін та 
-
нытатын, адамның қалыптасуы мен қоғамның дамуын са бақтастыра 
суреттеген шығарма. Мұндағы адам тағдырлары сұрқай заман 
шындығы ойлантпай, толғантпай қоймайды. Автор адам жан-
дүниесін көркемдік тұрғыдан зерттей отырып, кейіпкер мінезін ашу 
арқылы оның адам ретіндегі болмысын жан жақты ашуға тырысады. 


42
Мемуарлық роман дегенде оқырманның есінде тұратыны – 
автордың бəрінің де əңгімені өзінің балалық шағынан бастап
оқиғаларды өмір белестерімен ары қарай өрбітетіндігі. Олар 
алдамен өздері өмірге келген ортаны, ата-тегін, одан кейін ата-
анасы туралы мағлұматтарды келтіре отырып, өзінің балалық 
шағына барлау жасап алады. Сонан кейін жетілдіре отырып 
əңгімелеп кететіні – ес біліп, етек жапқан кездерінде бастан 
кешкен оқиғалары. Бас кейіпкердің автордың санасы ашылып, 
түсінік-танымы, өресі кеңейе түскен сайын жүрген ортасымен, 
қоршаған қоғамымен қарым-қатынасы да арта береді, өзімен 
қоғам арасындағы қайшылықты жағдайлар молая түседі.
Жалрпы мемуар жазудың мұндай қалыптасқан қалпын 
өзгертіп, тыңнан тосын үлгі ұсыну қиындау. Өйткені адам 
өмірінің өзі бұлжымайтын, ешқандай да өзгертуге көнбейтін 
дəл осындай қалыпты белестерден тұрады. Мысалы, нəрестелік 
кезең, сəбилік шақтан бұрын жеткіншектік кезеңнің болуы 
мүмкін емес екендігін сезіне білгендіктен, оқырман мемуарлық 
туындының осындай қалпына наразылық білдірместен, бой 
ұсынып, көркемдік қабылдауға дайын тұрады.
Дегенмен, əр жазушы шығармасын жазу барысында өз басынан 
өткізген оқиғаларды тізбектеп бере салмай, оларды көркемдеп, 
оқырманға қызықты етіп жеткізе білуге тырысады. Бұл тұрғыдан 
келгенде, «Ай мен Айша» романының да көркемдік табыстары аз 
емес. Ш. Мұртазаның өзіне тəн шығармашылық ерекшелігі қысқа 
жаза отырып, салмақты ой айтатындығы. Автор бірыңғай баяндау
шылқымай суреттеу, орынсыз тəптіштеуге орыгн алдырмайды. 
Осы ретте романның қысқа-қысқа əңгімелерге бөлініп берілуі 
де сюжеттік желінің жинақы шығуын, композициялық бітімнің 
жинақылығын ойластырудан табылған көркемдік тəсіл деуге 
болады. Автор қаламына тəн лирикалық əуен бұл туындысында 
барынша тереңдеген. Өзімен тұстас жазылған басқа да мемуарлық 
шығармалармен салыстырғанда лирикалық реңкі ерекше бұл 
роман-дилогиянының орталық кейіпкері – Барысхан. Сондай-ақ 
осы Барысханмен үнемі қосарлана, егізделе, тұтаса суреттелетін 
Айша, сағынышқа айналған Мұртаза, жұмбақ сырлы Ай 
шығарма оқиғасына нəзік сыршылдықты үстеген. Мұндағы Ай, 
кəдімгі қара түнді жарық қылып, əлемге нұрын шашқан Ай үлкен 


43
символдық мəнге ие. Шығарманың басынан аяғына дейін Ай 
Айшамен бірге қатарласып суреттеліп отырады. Сол кезеңдегі 
қытымыр заманның ызғарын сəл де болса жылытып, адамның 
жабырқау тартқан жанына жылу себетін осы Ай сияқты. Тағдыр 
тауқыметін тартып, көп қиыншылық көрген Айшаның да көңіліне 
желеу болар жалғыз жарық, жалғыз шуақ, жалғыз үміт те осы - 
Ай. Шығарманың басында Мұртаза ұсталатын түнгі ай суретіне 
назар аударайық: «Айша аспандағы топ-толық айға қарап:

«О, Жаратқан, басқа-басқа мына үрпек балапандай үш 
нəрестенің не жазығы бар еді? – деді.
Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды.
Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлт ішіне сүңгіп кетті де, 
жетімдіктің алғашқы түні жан жақтан қаптап келе жатты». 
Ай суретін жазушы кейіпкерлерінің басындағы ауыр жағдайды 
шынайы жеткізуде ұтымды пайдаланған. Айшаның отбасына 
аяқ асты келген қиындық секілді жаңа ғана жарқырап тұрған 
Ай да қараңғылыққа сүңгіп жоқ болып кетті. Шығарма басынан 
осылайша көрінетін Ай аяғына дейін Айшамен қатарласа беріліп 
отырады. Мұртаза бар кездегі толы Ай, ол ұсталып кетіп, отбасы 
ауыр жағдайда болғанда жарты Ай болып беріледі. Ол əрдайым 
бұлт арасынан сығалап, олардың тіршілігін бақылап тұратындай. 
Айша да үнемі Айға қарап, бір жақсылық күтетіндей. Шы-
ғармада беріліп отыратын Ай суреттеріне назар аударып көрелік:
«Боран басылып, аспан ашылайын деді ме, терезеден ауру 
көздей Ай көрінді».
«Батыстан Жабағылы тұсында қан қызыл Күн ұясына 
батып бара жатқанда Шығыстан құп-қу болып, өңі қашып 
тұрған Ай көрінді».
«Үйге кеш оралдық. Түнгі аспан ашық, жұлдыздар самсап, Ай 
толықсып тұрды. Мыңбұлақтан бүгін бұлт арылды».
«Батысқа көшкен жартыкеш Ай тым-тым бозарып кетіпті. 
Қылаңытып əрең көрінеді».
Қарап отырсақ, Ай бейнесі де кейіпкерлер өміріндегі оқи 
-
ға 
ларға сəйкес өзгеріп отырады, солардың көңіл-күйін мең-
зейтіндей. Шығарма соңында Айшалар туған ауылына оралып 
келе жатқандағы Ай көрінісі тіпті бөлек: «Қарашы, Барсхан, 
туған жердің Айы да бөлекше... Дұрыстап қара, мына жарықтық 


44
Ай бізге мейірін төгіп тұр ғой», - дейді Айша нұрын төккен Айға 
қарап. 
Иə, Айша ғана байқайды оны. Ай мейірленсе, қату заманның 
да жұмсара бастағаны».
Мəне, мұның бəрі шығармада суреттеліп отырған уақыт, заман 
шындығын танытумен қатар Айшаның да жан толқынысын, 
күйінішін, сүйінішін тереңдете түсуге қызмет етіп тұр. Сонымен 
бірге романдағы негізгі оқиға мен адам тағдырына деген оқырман 
ықыласын да күшейте түсетін эмоциялық жүк арқалап тұрғанын 
айтуымыз керек. Бұл орталық кейіпкерлер бейнесінің сəтті шығуы 
шығарма концепциясын тереңдете түсу жолындағы жазушы 
ізденісінен туған көркемдік əдіс, көркемдік табыс деуге болады.
Романда ұлттық мінез бен болмысқа да ерекше мəн 
берілген. Халқымызға тəн ұлттық ерекшеліктер, ғасырлар бойы 
қалыптасқан салт пен ғұрыптың, ырым мен тиымның қастерленуі 
роман кейіпкерлерінің сөздері мен істерінен анық көрінеді. 
Ш. Мұртазаның “Ай мен Айша” роман-эссесі – жазушының 
балалық шағы, басынан кешірген тағдыры туралы. Оны 
өмірбаяндық роман деуге де болады. Бірақ, бұл роман ондағы 
басты кейіпкер Барсханның ғана өмірі емес, Барсхан сияқты 
мыңдаған адамның өмірі. Барсхан – жазушының əдеби бейнесі. 
Ш. Мұртазаның бұл туындысы оқырмандар арасынан өзінің 
бағасын алып, 1997 жылы “үздік роман” деген атаққа ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет