Обсервациалық әдістер - бақылау және өзін-өзі бақылау.
Праксиметрикалық әдістер- іс-әрекет процестері мен өнімдерін талдау тәсілі (хронометрия, профессиографиялық сипаттамама, бұйымдарды және орындалған жұмыстарды бағалау)
Синтез - бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау бүтін қарау.
Сенсорлық эталондар - заттардың әр түрлі айырмашылық белгілері жөнінде қалыптасқан түсініктер (түстер, формалар, заттың шамасы, дыбыстың жоғарылығы т.б үлгілердің санамызда сақталып қалыптасқан түсініктер.
Сензитивтік кезеңдер - (лат зепзнз- сезімталдық, түйсіну.) - организмнің қоршаған ортаға өте жоғары сезімталдығын көрсететін кезеңдер. Сензитивтік кезеңдер бала психологиясының ең жоғарғы кезеңі болып саналады, яғни бұл кезең барлық психикалық процестермен психикалық құбылыстардың күшті дамитын кезеңдері.
Осыған орай, баланы тым ерте бір нәрсеге үйрету оның психикасына қолайсыз жағадай туғызуы мүмкін, бірақ үйретуді кеш бастағанда жақсы нәтижеге жеткізбейді.
Темперамент - нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі, табиғи типтік қасиетіне тәуелді жеке адамға меншікті дара өзгешелік.
Достарыңызбен бөлісу: |