Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет2/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
китап

УДК 159.9 (07)

ББК 88.8 я7

І8БХ 978-601-80333-0-8 © Дүйсенова Ж. Қ, Нығметова Қ. Н, 2012

© Қазақстан Республикасы жоғары


оқу орындар қауымдастығы, 2012

Алғы сөз

Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.

Заман алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнынын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталады.

Осы орайда еркін елдің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге асырылып жатқан саяси-әлеуметтік жағдайлар білім, ғылым саласына түрлі жаңалық әкелуде.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қоғамның өзекті және перспективалды қажеттіліктеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін түрлі пәндер оқытылуда.

Мектепке дейінгі тәрбие халық ағарту жүйесіндегі алғашқы буын ғана емес, оларға басқа да оқу тәрбие мекемелерінен басқа біздің қоғам талабына сай келетін баланың жекебасын, оның әлеуметтік бағдарларын қалыптастыру жауапкершілігі де жүктеледі.

Балалар психологиясы оқулығы студенттерді балалардың туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңдегі психикалық дамуының негізгі жақтарымен, заңдылықтарымен таныстыруға арналған. Мектеп жасына дейінгі бала психологиясы студенттерді жалпы психология ұғымдарының жүйесімен алдын ала таныстырады. Баланың психикалық дамуында тәрбие мен оқытудың жетекші рөлін анықтауға және осы даму барысындағы баланың әр түрлі іс-әрекетінің принципті мәнін талдауға зор көңіл бөлінген.

Балалар психологиясы пәні баланың психикалық дамуының әрбір кезеңін, әрбір жағын баяндағанда даму үдерісінің өінің шығатын алғышартын, оның жағдайын, негізгі жағдайын онда пайда болатын негізгі құрылымдар мен соңғы нәтижесін сипаттайтын бірқатар мәселелер басты орын алады.

Оқулықтың құрылымы студенттердің алған теориялық білімдерін практикалық қызметтерімен тығыз байланыстыруға, тапсырмалар

арқылы бала психологиясын тани білуге және зерттеуге, студенттерді балалар психологиясы пәні, оның заңдылықтары мен заңдылықтарын зерттеу әдістері туралы кәсіби білімдермен қамтамасыз етеді және мектеп жасына дейінгі балаларды жас ерекшелігіне сәйкес психикалық дамуы жайында қажетті мағлұматтармен қаруландырады. Әрбір тақырыптан кейін бақылау сұрақтары мен практикалық тапсырмалар, тестілер, слайдтар мен қосымша пайдаланылған әдебиеттер берілген.


  1. тарау. Балалар психологиясы пәнінің теориялық негіздері

    1. Балалар психологиясы - бала психикасының даму
      заңдылықтары туралы ғылым


Жоспар:

  1. Балалар психологиясының пәні мен міндеттері.

  2. Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер.

  3. Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық міндеті.

  4. Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы.

  5. Психологиялық жас кезеңдеріне бөлу.

  6. Жас дамуы мен ерекшеліктері.

Балалар психологиясының пәні мен міндеттері.

Балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық үдерістер мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді. Сонымен қатар психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық үдерістер мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін, қиял, ойлау, сөйлеу және мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімнің, жас ерекшелігіне байланысты дамудың бастапқы формаларының пайда болуы, өзгеруі және жетілуі туралы мәселелерді жан-жақты қарастырады.

Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастырады.

Сонымен қатар балалар психологиясының даму заңдылықтарын анықтап, оған әсер ететін себептерді іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті.

Балалар психологиясының маңызды міндеті - әр жас кезеңіндегі баланың даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру.

Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық даму заңдылықтарын, дамудың әр сатысын айқындайтын негізгі компоненттерді зерттейді, яғни туғаннан бастап баланың бойының өсуі, салмағының артуы, дене прапорциясының өзгеруі.

Психикалық зандылықтардың шығу тегін зерттемей тұрып түсіну мүмкін емес, ал анатомия, физиология мен байланысты дейтін себебіміз баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке жүйесі психологиясының негізгі міндеті - оқу, ойын, еңбек әрекеттерінің бала психикасының дамуына тигізетін әсерін зерттеп, баланың психикалық дамуына дұрыс бағыт бағдар беріп, осы тұрғыда тәрбие жұмысының қалай болу керектігін ата-аналар мен тәрбиешілерге жете түсіндіру.

Балалар психологиясы педагогикамен және жеке пәндерді оқыту әдістемелерімен де байланысады.

Педагогика тәрбие туралы ғылым және оның негізгі міндеті балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, болашақ қоғамда өзінше өмір сүруге дайындау. Осы міндеттерді атқару үшін балалар психологиясы дамудың жалпы заңдылықтарын оған әсер етуші факторларды жан-жақты зерттеп білу мәселесімен шұғылданады.

Балалар психологиясының пайда болу тарихы, теориялары


туралы негізгі түсініктер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет