Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің негізгі түрлері



бет44/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86
Байланысты:
китап

Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің негізгі түрлері

Ойын баланың психикалық дамуына әсер ететін бірден-бір іс- әрекет емес. Бала сурет салады, жапсырады, құрылыстар тұрғызады, әшекейлер ояды, қашайды. Бала іс-әрекетінің барлық түріне ортақ нәрсе - олардың белгілі бір нәрсені жасауға, сурет салуға, құрастыруға, құрақ құрауға бағытталған болуы. Бірақ бұл іс-әрекеттің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Олар қимылдың ерекше тәсілдерін игеруді талап етеді және баланың жетілуіне өзінің арнайы ықпалын тигізеді.



Бейнелеу іс-әрекеті. Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бастамалары ерте балалық шақтан басталады. Мектепке дейінгі балалық шақтың басында бала әдетте жеке заттарды бейнелеуге мүмкіндік беретін графикалық бейнелердің (өте шектелген болса да) біршама қорына ие болады. Әйтсе де бұл бейнелердің заттың өзімен ұқсастығы өте аз.

Салынған суреттен сол заттың өзін тани білу бейнелеу іс-әрекетін жетілдіру стимулдарының бірі болып табылады. Бұлайша жетілдірудің біршама ұзақ жолы бар. Балалар салатын суретке олардың тәжірибесінің түрлі формалары енеді. Оларды бала заттармен іс-әрекет жасау, графикалық іс-әрекеттің өзін көру арқылы қабылдау және үлкендердің үйретуінен алады. Үлкен адамның салған суреті заттың көру арқылы қабылданатын қасиеттерін ғана бейнелейді. Бала болса өзінің барлық тәжірибесін жұмсайды. Сондықтан балалар салған суреттер арасында көру арқылы қабылдауға тән бейнелер, олардың өздері көріп, қолыңда ұстап жүрген заттардан басқаларды да кездестіруге болады. Айталық, балалар сүйір бұрышты жазық фигураны (үшбұрыш делік) қолымен сипағаннан кейін, оны сопақша пішін түрінде суретке түсіреді де, одан тарайтын кысқа сызықшалар тартып қояды. Осы сызықшалар арқылы бейнелейтін фигураның сүйір бұрыштылығын көрсеткісі келеді. Сүйір бұрышты фигуралардың бұлайша бейнеленуі осы мақсатта бұған дейін қалыптасқан дөңгелек түрінде тұйықталған графикалық бейнеге жуықтауға тырысқандық деп түсіндіруге болады.



Балалар бейнелейтін заттық графикалық формасы алдымен үш сәтке: баланың қолында бар графикалық бейнелерге, затты көру әсеріне және олармен іс-әрекет жасау үдерісінен игерілетін қимылдық-

сезімдік тәжірибеге байланысты. Оның үстіне бала өзі салған суретте заттан алған әсерді бейнелеп қана қоймай, оған қоса сол затты өзінің қалай түсінетінін, ол жөніндегі өз білімін де көрсетеді. Мысалы, әйел адамның тұлғасын анасының суретке қалай салғанын бақылаған бала әуелі аяқтың, содан кейін барып көйлектің суретін салу керек екенін талап етті.

Бала адамның суретін салғанда көбінесе онын шашын, құлағын, денесін, қолдарын бейнелейді, онын өнері өзінің танымынан едәуір кейін қалып қояды. Өз түсінігі бойынша маңызды деп таппағанның бәрін бала суретте көрсетпейді.

Күрделі заттарды бейнелеуде олардың шынайы ерекшеліктерін көрсетуге балалардың қалай тырысатындығын аңғару үшін төмендегідей бақылау жүргізілді. Балаларға киіз үйдің сұлбасы көрсетілді. Бірақ балалар бұл сұлбаны не үшін ұстап көруге берілгені жөнінде хабарсыз болды. Тәрбиеші киіз үй туралы, оның жеке бөліктері туралы балаларға түсіндіре отырып, қолмен көрсетіп шықты және балалардың қолдарына көруге берді. Киіз үйдің қандай түспен бейнеленгендігін, оның дөңгелек екендігі, есігі, төбесі т.б. көрсетті.

Бес минуттан кейін сұлбаны алып, оның суретін салу ұсынылды.

Сонымен, бала белгілі дәрежеде затқа сәйкес келетін бейнені жасады. Бейнелеу сипаты тексеру тәсілімен және тексеру үдерісінде бала өзі үшін нені бөліп алуымен анықталады. Кәр бала өз көріп қабылдауына байланысты әр түрлі салды. Ол көру арқылы киіз үйдің жекелеген бөліктерінің баланың санасына шоғырлануына қарай, есінде жақсы қалған бөліктенін бейнелеген.

Құрдастарының жасаған суреттерін тани білу балаларға тән. Мысалы, балаларға белгілі ойыншықтардың ешқайсысына ұқсамайтын ойыншықтарды көрсетті. Балалар оларды көріп, ұстап, ойнап көрді. Мектеп жасына дейінгі балалар ойыншықтарға үйренген және олардың аттарын жадында сақтап үлгерген соң, әрбір жас тобының бірнеше балаларына барлық ойыншықтардың суретін салу ұсынылды. Әуелі балалар суретті есте сақтауы бойынша салды (ойыншықтарды жасырып қойған). Екінші рет балалар суретті алдында тұрған ойыншықтарға қарап отырып салды.

Содан соң барлық суреттерді ойыншықтармен таныс, бірақ өздері салмаған балаларға көрсетті. Балалар өз құрдастары салған ойыншықтардың суретін танитын болып шықты, оның үстіне белгілердің жетерліктей саны көрсетілген бейнелерді ғана емес, оған қоса кішкене суретшінің көзқарасы бойынша, бір-екі басты белгі көрсетілген суреттерді де ажырата білді.

Балалар суреті шындықты көрсетуге бағытталғанымен үлкендердің көргісі келетіндей суретке жиі сәйкеспейді. Бір бала өзі салған машинаның суретінде доңғалақ санын құрастырушылардың белгілеген санынан әлдеқайда көп етіп керсетсе де екінші бала мұндай суретке күдіктенбейді. Мұндай суретті қарап отырған үлкен адам оның машинаға мүлде ұқсамайтынын («Жіпке тізілген моншаққа көбірек ұқсайды!») айтып баланы мінейді. Мектепке дейінгі бала бұған ренжиді. Ол өзара түсініспеушілікке риза емес.

Бірақ, бала үлкен адамға қанша қарсы тұрса да, ол алдымен үлкендердей болуға ниеттенеді. Сондықтан баланың салған суреті белгілі мәдениетке қолданарлықтай бағытта ақырындап, бірақ дұрыс дамиды. Графикалық бейнелер құруда бала көбінесе көру жеріне бағытталады. Бұған, сөз жок, өз көзқарастары бойынша суретті оңды деп қабылдамай, заттың тікелей өзіне қарауды ұсынатын үлкендер себепші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет