Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет47/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86
Байланысты:
китап

Оқу ынтасының пайда болуы және оқу іс-әрекетін меңгеру.

Оқу іс-әрекетінің негізгі ерекшелігі оның мақсатының сыртқы нәтижеге қол жеткізуі ғана емес, жаңа білім, іскерліктер мен дағдыларды игеру болып табылады.

Егер бала сурет салуға еліктесе немесе әдемі суретті салып шығуға тырысса, ол ойынмен немесе жемісті іс-әрекетпен шұғылданғаны болады. Ал, сурет салумен айналысқанда, суретті бұрынғыдан жақсырақ салуды, түзу сызықтарды жүргізуді немесе бейнені дұрыс бояй білуді үйренуі сияқты өз алдына ерекше мақсат қойса, онда оның жасаған істері оқу сипатына ие болады.

Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, алдыңғы ұрпақтардан жинақталған тәжірибені беру арқылы жүзеге асырыла тұрса да, білім мен дағдының көбін балалар үлкен адамдармен араласудан, олардың талаптарын, кеңестерін, нұсқауларын орындаудан, сондай- ақ ойындардан, сурет салудан, құрастырудан, әр түрлі себептерге байланысты келетін күнделікті қарым-қатынастан меңгереді. Үлкендер мен бала қарым-қатынасының көптеген түрлері үйрету ісіне толы.

Дегенмен баланың даму дәрежесіне қарай үйрету барған сайын неғұрлым жүйелі сипат алады. Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жағдайында балалар арнаулы бағдарлама бойынша жүргізілетін сабақтар арқылы үйретіледі. Ойын тәсілдері мен жемісті тапсырмаларды пайдалану осындайда басты орын алады. Сонымен бірге сабақтарда балаларға білім мен дағдыны игерудің толықтығы мен сапасына, тәрбиешінің нұсқауларын тыңдай және орындай білуге қатысты белгілі талаптар да қойыла бастайды. Сабақтардағы үйрету оқу іс-әрекетінің элементтерін бастапқы игеруде маңызды мәнге ие болады. Оқу іс- әрекетінің элементтерін игеруге танымдық ынталарды қалыптастыру мен оқу іскерліктерін үйрену кіреді.

Айналадағы дүние туралы баланың алатын сан түрлі мәліметтері - үлкендердің көрсеткендері мен әңгімелегендері, өзінің көргендері. Бұлар әуестікті, барлық жаңа атаулыға құмарлықты тудырады. Мектепке дейінгі шақта балалар әуестігінің өсуі, әсіресе, балалар қоятын сұрақтардың саны мен сипатының өзгеруінен байқалады. Егер үш-төрт жаста сұрақтардың аз ғана бөлігі жаңа білім алуға, түсініксіз нәрсені анықтауға бағытталса, мектепке дейінгі ересек жаста балаларда мұндай сұрақтар басымырақ келеді, балалар көбіне сан түрлі құбылыстардың себептері мен олардың арасындағы байланыстарды білуге ынтығады. «Жаңбыр неге жауады?»; «Өсімдіктерді суғару не үшін керек?»; «Дәрігер неге аурудың кеудесін тықылдатады?»;

«Жұлдыздар қайдан пайда болған?»; «Егер кішкене үйді доңғалақтар үстіне орнатса, оны трактор сүйреп әкете ала ма?»; «Егер судың бәрі теңізге қарай ақса, кейін ол қайда кетеді?» - міне, алты жасар баланың әдеттегі сұрақтарының шағын тізімі осындай.

Бірақ әуестік бұл әлі оқуға жүйелі білім алуға даярлықты қамтамасыз ете алмайды. Қандай да бір құбылысқа деген ықылас балада жылдам пайда болады да жылдам ұмытылады, басқамен алмасады. Болмыстың сан түрлі саласына жататын құбылыстарды баланың білуге ынтығатыны жоғарыда келтірілген сұрақтардың тізімінен-ақ көрініп тұр. Өзінің жетілген формаларындағы оқу бірнеше арнаулы пәндердің, математиканың, ана тілінің, биологияның тағы басқалардың мазмұнын құраушы құбылыстардың белгілі жақтары мен типтеріне деген тұрақты ынтаға жетелейді.

Кей жағдайларда мектеп жасына дейінгі балаларда білімді игеруде де тамаша табыстарға әкелетін бөлшектелген де берік ынта ерте байқалады.

Сәбит тұрмыс жағдайының қиындығында өсті. Ол бір жарым жасқа келгенде әкесі қатты ауырып, содан бері мүгедек болып қалды. Техникалық білімі бар, оның анасы мектепте уақытша мұғалима болып істеді, кейде оқушылар оның үйіне де келіп жүрді. Анасының үйде өткізген сабақтарына құлақ сала жүрген Сәбит төртке жеткенде кенет оқуға ынталанып, тамаша нәтижелер көрсететін болды (шамамен өзге балалардың жасында ол да жүре және сөйлей бастаған).

Бес жасқа жеткенде үлкендер тарапынан көрсетілген арнаулы жетекшіліксіз-ақ тіпті олардың қарсылығына қарамастан бірнеше айдың ішінде оқуды, жазуды, санауды үйренді. Жаңа дағдыларды меңгеру тым тез және қызу өтті. Сәбит әріптерді, атауды сұрай бастады, ал оларды түсіндіруден бас тартқанда жылайтынды шығарды. Алфавитпен танысып алғаннан кейін, оларды кез келген жерден тауып алғанына разы болып әріптің аттарын дамылсыз айтып отырды. Сәбиттің әріптерді буынға қалай құрастырғанын ата-анасы байқап та үлгірмеді, өйткені оқытудың бұл кезеңін ол жылдам өтті.

Бұдан кем түспейтін табандылықпен Сәбит сандармен және арифметикалық амалдармен танысты. Егер бұдан әрі қалай санауды оған айтпаса, ренжитін болды: егер оның әуестігі қанағаттандырылмаса, ол шынайы азап шекті.

Аурушаң баланың ғылымдағы екпінді қадамы анасына қорқыныш туғызды. Ал бала толассыз ой азығына талпынуда жүрді. Тәтті тағам немесе ойыншықтан гөрі алған біліміне көбірек қуанатын еді.

Мектеп жасына дейінгі жылдарда ол математикамен қатар орыс тілімен қатты шұғылданды, септеулерді үлкен ықыласпен үйреніп алды, сөздерді септеуді асқан ынтамен анықтап түсті. Тіпті грамматиканың оқулығын жаза бастады. Географиялық атласпен таныстыру географияға деген ынтаны туғызды. Ол географиялық ұғымдарды тез игерді, жүздеген атауларды жаттап алды. Масштабтық шамаларды нақты шамаларға аударып белгілі ендік пен бойлыққа орналасқан барлық қалаларды табатын (Н. С. Лейтестің материалдары бойынша бала есімі өзгертіліп берілді).

Әрине, Сәбитке ұқсаған балалар өте сирек. Әдетте балалардың айтарлықтай берік танымдық ынталары тек мектепке дейінгі шақтың ақырында, жақсы ұйымдастырылған үйрету жағдайында пайда болады.

Мұнда мектепке дейінгі оқудың мазмұны негізгі рөл атқарады.

Егер сабақ үстінде болмыстың әр саласына тән құбылыстардың негізгі қасиеттері балалар алдында жеке де бытыраңқы мәліметтер түрінде берілмей, білімнің белгілі бір жүйесі түрінде берілсе, математикаға, тілге, жанды және жансыз табиғатқа деген ынта, тиісті дәрежеде балалардың бәрінде де пайда болатынын зерттеулер көрсетті. Математика саласында бұл өлшемнің өлшенетін затқа, бөліктің бүтінге, бірліктің көпке қатысы, тіл саласында сөз құрылысының оның мәніне қатысы, жанды табиғат саласында жануарлар мен өсімдіктер құрылысындағы ерекшеліктердің олардың өмір сүру жағдайларына қатысы т. б.

Балалар осындай жалпы заңдылықтармен танысқанда, жеке жағдайда олардың байқауларын зор ынтамен қадағалайды, олардың алдынан қоршаған дүниенің жаңа жақтары ашыла бастайды және олар оқудың ғажайып асуларға апаратын жол екенін көре бартайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет