Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет56/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86
Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсінікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.

Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттатудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз бетінше құрастырып, айтып бере алады, соның нәтижесінде диологты және монологты сөздік қоры дамиды.

Мектеп жасына дейінгілер ең алдымен дауысты дыбыстарды сонан соң дауыссыз, үнді, қатаң, ұяң дыбыстарды меңгереді. Бұл кезде балаға -з, -м, -ж, - с, -ш; сияқты ашық дауыссыз дыбыстарды ызылдап, ысылдап, ышылдап айтылатын дыбыстарды айту қиындыққа түседі. Осы кезде -р дыбысын -л немесе и дыбысымен ауыстырып айтады. Шамамен алғанда баланың сөздік қоры 2 жаста 300-400, 3 жасында 1000-1500, 4 жаста 1600-1800, 5 жасында 2000-2200, 6 жасында 3400- 5000- ға дейін болады.

Алғашқы кезде баланың сөзінде зат есім көп болады. Кейіннен есімдіктер мен етістіктер және тағы басқа сөз таптарын қолдана бастайды.

Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен тығыз байланыста болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуы мен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар А.А. Люблинская, Л.С.Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 жастағы балаларда эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің


ерекшелігі

Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғарғы деңгейге көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаған

ортамен жан-жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс-әрекеттің орындалу барысында байқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.

Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде бала тек механикалық түрде есте сақтайды деу қате түсінік. Себебі бала да өзіне қажетті материалды есінде сақтау үшін одан нені талап етіп отыр, нені еске сақтау керек, соны түсінуге тырысады. Ал егер сол материалдың мән-мағынасын түсінбесе, түсіну қиынға соқса ғана бала механикалық түрде жаттау арқылы есте сақтауға тырысады.

Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.

Неғұрлым баланың заттармен құбылыстарға зер салып көңіл қою ынтасы ерекше болса, соғұрлым ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық ынта ықыласымен зейін қояды. Заттың бейнесі оның, түсі баланы қызықтыратындай ерекше болса, оны жақсы қабылдап есінде жақсы жаңғырта алады. Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз жүзінде айтып берсең, ондағы бейнелерді сипаттау түрінде есінде сақтайды.

Балаларға әңгімені мән мағынасыз бір ырғақпен оқып бергеннен гөрі, әр кейіпкердің мінез-құлқын, қимылын, эмоциялық көңіл-күйін мәніне келтіріп, интоннациясымен оқып, айтып берсең, есінде жақсы сақтайды.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала өз жас ерекшелігіне сәйкес түсінуге жеңіл, күнделікті көріп, тұрмыста пайдаланып жүрген заттарды, естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ көріп тұрған заттың өзін өз біліміне, өмір тәжірибесіне, түсінігіне байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.

Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса ырықсыз, пассивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту үшін де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасамайды.

Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу, ойнау, еңбек әрекетін орындау барысында, ертегі, әңгімелерді тыңдау негізінде жүзеге асырып отырады.

Балада сюжетті рөлдік ойындарды ойнау арқылы ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.

Бала есте сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерін үлкендерден үйренеді. Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі бір уақыт аралығында қайта жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап отырып, оқиғаның желісін баланың есіне түсіру үшін жетекші бағыттаушы сұрақтар қояды.

Еске сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз сөзімен әңгімелеп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.

Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының 3 дәрежесін анықтаған.



  1. дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.

  2. дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-ақ жүзеге асады.

  3. дәрежесінде балада еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.

Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.

Балада ырықты есте сақтауды қалыптастырып тәрбиелеудің маңызды көрсеткіші тек оның есте сақтай алуы мен өз бетімен мнемоникалық мақсат қоя білуі ғана емес, сонымен қатар дұрыс есте сақтауын қадағалап, өзін-өзі бақылауын жүзеге асыруы үшін керек.

Өзінің есте сақтауын тексеруге тұтастай мүмкіндігінің болуы 6 жасқа келгенде едәуір артады. Осы жастағылардың басым көпшілігі бейнелік есте сақтау сияқты сөзді еске сақтау кезінде өзін-өзі тексеруді тиімді пайдалана біледі.

Бала 6 жасқа келгенде тек механикалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығанын байқауға болады.

Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзімен қайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.

Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұнын өзгертпей, өз логикасымен толықтырып, қосып, тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.

Баланың әңгіменің жүйесін өзгертуі ондағы кейіпкерлерге деген көзқарасына байланысты болады. Егер кейіпкерді ұнатса, жақсы қарым- қатынас кезінде оның жаманшылық жақтарын ұмытып кетеді де, тек жақсылығын өзіне ұнаған жерін ғана есінде сақтайды.

Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әрекетімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз-логикалық естің жүзеге асуының өзі үш кезеңнен өтеді:

практикалық

сөздік әрекеттік

ақыл-ой әрекеті негізінде


  1. 7 жасқа келгенде бала өз ойын сөзбен байланыстырып, қорытынды жасап, есінде сақтай алады. Сөздің көмегімен есінде қалған материалға талдау жасай алады және топтастырып логикалық байланыс жасайды.

Баланың сөздік қорының аздығы да есінде сақтап қалғанын қайтадан толық жаңғыртып, айтып беруге кедергі келтіреді. Сондықтан да баланың сөздік қорын дамыта отырып, материалды өз бетімен айтып беруге үйрету керек.

  1. 7 жас бала қимыл-қозғалысы дамуының ең маңызды кезеңі.

Осы кезеңде қимыл-қозгалыс есінің дамуына байланысты күрделі қозғалыстарды нақты анық етіп қиындықсыз жылдам меңгереді және де өзгертіп орындауға да икемді болады. Сондай-ақ эмоциялық есі де ерекше дами бастайды, оны бейнелік естен бөліп қарауға болмайды.

Бала есінің даму ерекшеліктері тек жасына ғана байланысты емес екенін есте сақтау керек. Соңғы жылдардағы психологиялық зерттеулер бойынша, ер балаға қарағанда қыз баланың бас миының оң жақ бөлігінен гөрі сол жақ бөлігінің дамуында айырмашылық болатыны айқындалды. Яғни, қыз баланың бас миының сол жақ бөлігінің дамуы тез жүзеге асады, ал ер баланың бас миының оң жақ бөлігі тез дамиды. Мұның бала есінің дамуына қатысы бар.

Өйткені мидың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда материалды ерікті есте сақтауға, жете ойланып сөз-логикалық еске жағымды эмоцияны еске сақтауға ықпалы ерекше, ал оң жақ бөлігі ырықсыз есте сақтауды жүзеге асырып, жағымсыз эмоцияны, бейнелік есті, сезім реакцияларын еске түсіруді жүзеге асырады. Бұл ақпарат ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Есті дамытудың әр түрлі жолдары бар. Негізінде ес мидың жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетеді, өйткені ес үдерісі арқылы әр түрлі материал есте сақталып, кейін қайтадан жаңғыртылады.

Әр баланың есінің даму деңгейі материалды есте сақтау көлеміне, қатесіз қайта жаңғыртуға, ұзақ есінде сақтауына, іс-жүзінде әрекет ету барысында есіне сақтауына байланысты. Баланың материалды еске сақтауын анықтау үшін бірнеше жеміс жидектер суретін балаға 1 минут көрсетіп, есте сақтап қалғандарын қайталатып тексеруге болады.

Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды, есте сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісін күнделікті өмірде тәрбие үдерісінде дұрыс дамытуға тікелей байланысты.

Баланың ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы:


  1. 2 топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде 1-топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың балаларына тек жаттап келіңдер дейді. 1-топтың еске сақтауы 2-топқа қарағанда сапалы болады. Өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақсат қоюдың маңызы ерекше.

  2. Бала материалдың мән-мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жақсы сақтайды.

  3. Бала еске сақтауға тиіс материалды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ, тікелей әрекет етсе, есінде жақсы сақтайды,

ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресе оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әр түрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.

Мектепке дайындық кезеңінде көріп, естіп қабылдау және көріп қимыл-қозғалыс арқылы қабылдау жиі жүзеге асады. Сондай-ақ материалды қайталату арқылы есте сақтау тиімді. Мысалы, күрделі материалды балаға бірден жаттатқызбай бөліп-бөліп, демалдырып қайталап жаттатудың маңызы зор.

Онша көп қайрат күш жұмсауды талап етпейтін көркем сөз үзінділерді, тарихи даталарды, географиялық атауларды бала жаттамай тұрып, жақсылап оқып беріп, мазмұнын қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірудің маңызы зор.

В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды

қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің


дамуына сипаттама

Мектеп жасына дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға болмайды, өйткені ол ешқандай мақсат қоюды талап етпейді. Ол балаға сырттан әсер ететін заттар мен құбылыстарға тікілей байланысты болады. Бала ойнайтын ойынын да үлкендерге еліктеп қайталайды.

Баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайды. Ол сананың белгілі бір функциялармен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың екі желісі бар.

Бірінші желісі заттарды басқалай бейнелеулерімен тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге жетелейді.

Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиялдағылар арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалдарынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.

Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан көрінеді. Бала таяққа отырып алып атпен жортады, бұл сәтте ол - салт атты, ал астындағы таяқ - аты. Бірақ шауып өте шығарлықтай ештеңе жоқ. Кезінде, таяқпен қимыл жасамағанда өзін ойынша таяқты шын ат дей де алмайды.

Бала сурет салғанда, ертегі мен тақпақты ойдан шығарғанда қиялы неғұрлым айқын байқалады. Балалар ойын кезіндегі сияқты мұнда да басында тікелей қабылдаған заттарды немесе қағаз бетіндегі суреттерді пайдаланады.

Баланың қиялы үлкендерге қарағанда бай деп есептелгенімен, шындығында үлкен адамның қиялынан бай емес, керісінше әлдеқайда жұпыны. Өйткені баланың өмір тәжірибесі аз, білімі таяз, сондықтан қиялдауға қажетті материалдары да аз.

Мектеп жасына дейінгі бала қиялы көбінесе ықтиярсыз қайта жасау негізінде жүзеге асады, яғни біреудің жазғаны мен сызғанына, поэзиялық шығармаларының, ертегі әңгімелердің негізіне сүйенеді.

Сезімнің арқасында ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарады. Бала өз шығармасының қорытынды мазмұнының қандай болатынын өзі де білмейді.

Ықтиярлы, арнайы қиялдың дамуы да, зейін мен естің ықтиярлы формаларының дамуы сияқты баланың мінез-құлқының сөзбен реттелуінің қалыптаса бастауындағы жалпы үдерістің бір жағы болып табылады. Іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегі мақсат қою мен ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады.

Бала қиялын дамытуда ойынның сурет салу және құрастыру әрекеттерінің әдеби шығармалар мен ертегі әңгімелердің де маңызы зор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет