Дамудағы жағдайға байланысты өзгерістер- нақты бір жағдай- дың әсеріне байланысты. Мұндай өзгерістер өзіне баланың психикасы мен мінез-құлқында ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған оқыту мен тәрбиелеу әсерінен болатын нәрселерді қамтиды.
Дифференциация -тар мағынада - бастапқы тұтастан прогрессивті түрде түрлі бөлшектерді бөліп алу. Ол өсуге, құрылымдық күрделіктерге, және де мінез-құлықтың икемділігіне және ауыспалылығына әкеледі. Кең мағынада - психикалық функцияларды және мінез-құлық тәсілдерін прогрессивті бөлшектеудің, кеңейтудің және құрылымдаудың жалпы мазмұны.
Енжарлық - (лат. раззіуез - әрекетсіз) баланың белсенділігіне қарама - қарсы қасиетінің бірі. Енжар бала әрекетсіз, немқұрайды, селсоқ, ынтасыздық, еріксіздік сияқты және т.б қасиеттерінен байқалады. Енжарлыққа жетелейтін әр түрлі себептер болады. Ондай себептердің мәнін анықтап, енжарлықты жеңуге болады.