Өндірістік құрылым – цех пен кәсіпорынның қызметінің
құрылымын олардың арасындағы нұсқаумен байланыстыру.
Жұмыс орны – жұмысшылар, қызмет көрсететін техникалық
қондырғылар орналасқан кәсіпорының бірлікті жүйесі.
Өндірістік жер участігі – техникалық принцип немесе құралға
арналған жұмыс орнының тобы, цех – өндірістік жер участігінің
жиынтық.
Өндірістің түрі – бұйымның дайындалу әдісін (мысалы, сваркалы)
қолданатын өдірістің классификациялық категориясы. Өндірістің типі
– шығарылатын өнімнің көлеміне, тұрақтылығына, бірқалыптылығына,
номенклатурасына байланысты өндірістің классификациялық катего-
риясы.
Өндірістің типін келесі топтарға бөледі: бірлікті, сериялы, мас-
салық.