Басқару теориясындағы жалпы жағдайлардың қолданылуы –басқару теориясының жағдайлары мен негізгі түсініктері –
кибернетикалық модель, тіке және кері байланыстар, басқару субъектісі,
басқару объектісі, жұмысты ұйымдастыру кезінде, басқаруды жүзеге
асыру кезінде, кәсіпорындық үдерістің әртүрлі жұмыстарын жасауда
қолданылады.
Жоспарлылық – барлық іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге
асады. Өнімді шығару ғана жоспарланбайды, сонымен қатар
нақты бұйымдардың сапасын көтеру, сапаны басқаруды жетілдіру
жөніндегі іс-шаралар, аудиттер және маркетингтік іс-шаралар
атқарылады.