Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет26/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   167
2.2 Сапа көрсеткіштері
Өнім сапасының көрсеткіштерінің құрамы және топтастыру
Өнімнің  қолдану  міндетіне  байланысты  жарамдылығын  белгілі 
қасиеттермен және көрсеткіштер арқылы анықтау өнімнің сапасы деп 
аталады.  Өнім  сапасы  өнімнің  жиынтық  (әр  қасиеттерін  жинайды) 
қасиеттері арқылы анықталады. Осы қасиеттер өнімді тағайындалған 
бағытында қолдануына кепілдік береді. 
Өнім сапасының көрсеткіштері, өнімнің қасиеттерінің жинақталған 
мінездемесі болып табылады. Өнім сапасының деңгейі ғылыми-зерттеу 
жұмыстары  арқылы,  өнімді  шығару  кезеңінде,  өнімді  пайдалану  ба-
рысында  бекітіледі.  Әр  салада  өнімнің  сапасы  техникалық  деңгейге 
байланысты. Машина және басқа да өнімнің сапасына баға беру үшін 
анықтау әдістері мен арнайы көрсеткіш жүйелері болуға тиісті. 
Өнімнің  сапасының  көрсеткіштеріне  баға  беру  үшін  өнімнің 
сапа  көрсеткіштерінің  номенклатуралық  тобын  анықтау  қажет.  Осы 
номенклатуралық тобына мынадай көрсеткіштер жатады: 
Өнім  тағайындау  көрсеткіштері  –  өнімнің  негізгі  қасиеттеріне 
сипаттама  береді,  қолдану  аймағын  анықтайды,  өнімнің  сапасын 
анықтайды.  Тағайындау  көрсеткіштерінің  номенклатурасын  таңдау 
кезінде  мынадай  көрсеткіштерді  ескеру  қажет:  баға  берудің  мақсаты, 
өнімді қандай жағдайда пайдалануы тиісті. Тағайындау көрсеткішінің 
топтары құрама топтарға бөлінеді:
а) классификациялық көрсеткіштер
б) құрамы және құрылымы көрсеткіштер;
в) техникалық деңгей көрсеткіштері.


44
Осы топ тұтынушыға арналған басты мағынаны ұсынады, осыған 
орай бұл топ тұтынушының негізгі талаптарын қанағаттандырады және 
осы бұйымдарға көрсетілген көрсеткіштердің функционалды сипатта-
масын келесі бөлімшелерге бөлуге болады: 
–  өнімнің  сипаттама  көрсеткіштері  бойынша  оның  белгілі  бір 
жіктеулік  топқа  жататынын  көрсетеді  (мысалы,  қозғалтқыш  қуатты-
лығы, габариттері, құралдың нақтылығы, заттағы қоспа құрамы және 
т.б.);
–  бұйымды  тұтынудың  және  өнімде  техникалық  шешімнің  қар-
қындылығына толы пайдалы әсерді сипаттайтын функционалды және 
тиімді  қолдану  көрсеткіштері  (көліктің  шығарымдылығы,  вагонның 
жүк көтергіштігі, электр лампасының жарықтығы және т.б.);
–  конструктивті  көрсеткіштер,  сипаттайтын  негізгі  жобалау– 
конструкторлы  шешімдерді,  монтаж  ыңғайлығын,  қондырмадағы 
жұмыс  істеу,  бірыңғайлау  деңгейін,  құрылымның  модулі,  жұмысқа 
жарамдылықты және т.б сипаттайтын көрсеткіш;
–  құрылымы  және  құрам  көрсеткіштері,  олар  өнімде  химиялық 
элементтердің немесе құрылымдық топтардың бар болуын сипаттайды  
(мысалы, қорытпадағы заттың құрамы, ерітінді қоспаларының концен-
трациясы, тамақ өнімдерінің құрамы және т.б.).
Өнімнің сенімділік көрсеткіштері – нақтылы объектілерге арнайы 
осы  қасиеттер  әртүрлі  мәнді  және  қолданысты  көрсетеді.  Сенімділік 
көрсеткіштеріне баға беру үшін берілген объектілерді қайта өңдеу және 
қайта өңдемеулерге, жөндеуге және жөндеуге келмейтіндей етіп бөлуге 
болады.
Қор  жинақтау  көрсеткіштері  –  өнімді  пайдалану  кезінде  энер-
гетикалық  және  материалдық  ресурстарды  үнемдеуге  сапа  мен 
бәсекелестіктің маңызды көрсеткіші. Бұл көрсеткіштер экономикалық 
және  экологиялық  көрсеткіштермен  тығыз  байланысты  бұйымның 
техникалық даралығын көрсетеді. 
Тоқтаусыздық көрсеткіштері – объекті қасиеттерінің бірі белгілі 
бір уақыт ішінде жұмыс істеу жағдайын сақтау. Істеген жұмыс астын-
да ұзақтық немесе көлемінің ұзақтылығын немесе объект жұмысының 
көлемін  уақыт  бірлігінде  өлшеу  немесе  физикалық  бірліктердің 
жұмыс  істеуіне  сипаттама  беру  (километрлерде  жарыс,  дайындалған 
бөлшектердің саны).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет