Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет29/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   167
2.4 ИСО 9000 сериялы сапа стандарты
ИСО  9000  сериялы  сапа  стандарты  ұжымдар  мен  мекемелерде 
шығарылатын өнімдер сапасын басқарудағы халықаралық тәжірибелер 
жинақталған нормативті құжат.
Дүниежүзінің  көптеген  мемлекеттерінде  бұл  стандарттар  ұлттық 
деңгейде  қабылданып,  фирмалар  мен  өндірушілер  арасында  келісім-
шарттар  жасаудың  бұйым  сапасын  қамтамасыз  етудегі  негізгі  моделі 
ретінде қабылданған.
Халықаралық деңгейде мұндай жүйенің ИСО стандартына сай келуі 
бұйым  өндірушілер  мен  тұтынушылар  арасындағы  сапаға  жасалған 
контракт кепілі болуы шарт.
ИСО  9000  стандарт  сериялары  бес  стандарттан  тұрады,  оның 
ішінде:
ИСО 9000:2000 стандарт сөздігіне бес өзекті термин кірген, олар-
дың  әрқайсысына  төмендегідей  анықтамалар  және  түсініктемелер 
берілген.
Сапа  саласындағы  саясат  –  бұл  негізгі  бағыт  мекеменің  сапа 
бағытындағы мақсаты, мәселелері; бұлар ресми түрде жоғары басшы-
лармен бекітіледі де, жалпы саясаттың құраушы элементі болады.
Сапаны жалпылама басқару – сапа бағытындағы басқарудың жал-
пы функциясының аспекті; мұнда сапа бағытындағы саясатты анықтау 
және іске асыру болады.
Әрине,  бұйым  сапасын  қажетті  деңгейде  қамтамасыз  ету  үшін 
мекеменің барлық қызметкерлерін іске тарту қажет, бірақ түбінде жал-
пы жауапкершілік жоғары басшы үлесінде қалуы тиіс.
Сапаны жалпы басқаруға кіретін шаралар – оперативті жоспарлау, 
ресурстарды  бөлу  және  тағы  да  басқалай  сапа  бағытындағы  жүйелік 
жұмыстар – сапаны жоспарлау, жұмыс жүргізу және бағалау.
Ұйымдық  құрылымдар  жиынтығы,  жауапкершілік,  процедуралар, 
үдерістер мен ресурстар жалпы сапа басқару жүйелеріне жатады.
Мұндағы  сапа  жүйелерінің  масштабы,  сапаны  қамтамасыз  ету 
мәселесіне себеп болуы тиіс.
Сапаны басқаруға оперативті тәсілдер мен іс-қимылдар қолданып, 
сапа талаптарын шешуге жол ашуы керек.
Сапаны  қамтамасыз  ету  үшін  жоспарланатын  және  жүйелі  түрде 
ылғи жүріп тұратын іс-шаралар, бұйым сапасын күдіксіз қамтамасыз 
етуге әкеледі.
Әлбетте, сапа  жүйелілігіндегі істеліп жатқан шаралар тұтынушы-
ның талабына сай болмаса, онда сапа мәселесі толық шешілмеген бо-
лады.
Сапаны  қамтамасыз  етудің  тиімділігі,  өндіріс  үдерісінде  туатын 
факторларды ылғи тексеру, техникалық шарттардың жобаға сәйкестігін 
анықтау, техникалық бақылау жүргізу сияқты қағидалардан тұрады.


52
Өндіріске  сенім  арту,  сапа  мәселесінің  дәлелелі  болады.  Өндіріс 
мекемесінің  аумағында  сапаны  қамту  басшылықтың  жалпы  аспабы 
болады. Белгілі бір контрактылық шарт жасауда өндіріске сенім арту 
өндірушінің беделін арттырады.
9000  сериялы  ИСО  стандарты  сапа  жүйесінің  модельдерін  меке-
меде  іштей  қолдануға  нұсқаулар  ретінде,  ал  сапаны  жалпы  басқару 
мәселелерінің (ИСО 9004), сапа қамтамасыз етудің сырт мекемелермен 
қатысуында (ИСО 9001, ИСО 9002, ИСО 9003) пайдаланылады.
Айта  кететін  бір  жайт,  ИСО  9000  стандарттары  мекемелерде 
қолданылатын  сапа  жүйелері  стандарттауға  арналмаған,  сондықтан 
әрбір өндіруші өздерінің бейімді сапалы бұйымдарын шығара беруге 
құқылы.
9000  сериялы  сапа  жүйесінің  ИСО  стандарттарын  екі  жағдайда 
қолданады: контракт жасарда және оның сыртында (2.1-суретте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет