47
Бұйым контрукцияларының технологиялық көрсеткіштері мате-
риалдық ресурстар мен уақытты ең аз мөлшердегі шығынымен,
құрылымдық-технологиялық шешімнің әсерлілігін бұйымның оны
нақты өндірісте дайындауына машықтану жағынан қарастырғанда ке-
шенде бұйым сапасын бағалауда маңызды құрам бөлігі болып табыла-
ды.
Экологиялық көрсеткіштер сапаның экологиялық көрсеткіштері
өнімді табиғатқа және адамға әсер етудің экологиялық қауіпсіздігі
жағынан сипаттайды. Оған мыналар кіреді:
– өнімді сақтау және эксплуатациялау кезіндегі қоршаған ортаға
лақтырылатын-зиянды заттар құрамы;
– қоршаған ортаға зиянды заттарды лақтыру ықтималдығы;
– сақтау және эксплуатациялау кезіндегі зиянды сәулелердің
деңгейі;
– эксплуатация кезіндегі шу мен дыбыс деңгейі.
Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді эксплуатацияланған немесе
қолданған кезінде адам үшін қауіпсіздігін, сонымен қатар оны дайын-
дау, сақтау және тасымалдау кезінде анықтайтын өнім ерекшелігін си-
паттайды.
Ал қауіпсіздік көрсеткіштеріне біз мыналарды жатқыза аламыз:
– авариялық немесе штатты емес жағдайдың болу ықтималдығы;
– бұйым эксплуатиясының орташа жағдайларында белгілі бір уақыт
аралығындағы адамның қауіпсіздік жұмысының ықтималдығы;
– регламенттелген уақыт аралығындағы адамның қауіпсіздік
жұмысының ықтималдығы;
– қорғау құрылғыларының іске қосылу уақыты;
– кедергі және изоляцияың электрлік беріктігі;
– жалғаннан қорғану дәрежелерінің саны.
Достарыңызбен бөлісу: