Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет115/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   359
Топанның аяқталуы  
«Ей, жер! Суыңды жұт! Аспан сен де тоқта» делінді де, су тар-
тылды.  Іс  бітті.  Кеме  Жуди  тауына  тоқтады. «Залымдар  жоқ  бол-
сын!» делінді. (Бұл Жуди тауы Мысырға жақын). 
(Һуд сүресі, 44)
Кемедегі мүміндердің құтқарылуы
  
«Ей, Нұх! Саған сенімен бірге болған топтарға бізден сəлеметтік, 
молшылықпен кемеден түс! Бір талай топты дүниеде пайдаландыра-
мыз да, сонан  кейін олар Біздің күйзелтуші  азабымызға ұшырай ды» 
делінді. 
(Һуд сүресі, 48)
Сонда  оны  да,  онымен  бірге  болғандарды  да  толы  кемеде 
құтқардық. 
(Шұғара сүресі, 119)
Оны  жəне  кемедегі  жолдастарын  құтқарып,  ол  уақиғаны  əлем-
дерге  ғибрат  қылдық. 
(Ғанкəбут сүресі, 15)
Нұхтың  (ғ.с.)  елі  де  пайғамбарларды  жасынға  шығарған  кез-
де, оларды суға батырып, адамзат баласы үшін бір ғибрат қылдық. 
Сондай-ақ  залымдар  үшін  күйзелтуші  азап  дайындадық. 
(Фұрқан сүресі, 37)
Расында, Нұх (ғ.с.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабыл-


120
даушымыз!  Оны  да,  семьясын  да  зор  қиыншылықтан  құтқардық. 
Нұхтың  (ғ.с.)  ұрпақтарын  қалдырдық. (Жалғасты  түрде  өрбіттік). 
Оны кейінгілерге дəріптеттік. Нұхқа (ғ.с.) бүкіл əлемнен сəлем бол-
сын. 
(Саффат сүресі, 75-79)
Расында, оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма? 
(Қамар сүресі, 15)
«Раббым!  Мені  құтты  бір  қонысқа  қондыр!  Сен  ең  жақсы 
орналастырушысың» де. Рас, бұнда өнегелер бар. Əрине, Біз сынай-
мыз.  Бұлардан  кейін  басқа нəсілдер пайда қылдық.  
(Муминун сүресі, 29-31)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет