Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Хз. Ибраһим мен Хз. Исмайылдың Қағбаны салуы



Pdf көрінісі
бет132/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   359
Хз. Ибраһим мен Хз. Исмайылдың Қағбаны салуы
Сол  уақытты  еске  ал!  Ибраһимді  (ғ.с.)  Раббы  сөздермен  сы-
нады.  Сонда  ол  оларды  толық  орындады.  Алла: «Əрине,  сені 
адамдарға  басшы  қыламын», – деді.  Ол: «Ұрпақтарымнан  да  ете 
көр!», – деді.  Алла: «(Ұрпақтарыңнан)  залымдар  сертіме  жете  ал-
майды», – деді. (Бұл  сынау  сөздер  туралы  тəпсірлерде  түрлі  баян-
дар  бар).  Сол  уақытта  үйді  (Қағбаны)  адам  баласы  үшін  орталық 
əрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Ибраһимнің (ғ.с.) орнынан на-
маз орны қылып алыңдар. Жəне Ибраһим, Исмайыл (ғ.с.) екеуінен: 
«Үйімді  (Қағбаны)  тауап  етушілер,  ғибадатқа  отырушылар  жəне 
рүкұғ, сəжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп уəде алғанбыз. 
Сол уақытта Ибраһим (ғ.с.): «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла 
көр!  Жəне  оның  тұрғындарынан  кім  Аллаға,  Ақырет  күніне  иман 
келтірсе,  əртүрлі  өнімдермен  ризықтандыр»  деп  жалбарынды. 
(Раббы): «Кім қарсы болса, оны да аз (күнгі дүниеде) пайдаланды-
рамын, сонан соң оны (ақыретте) от азабына зорлаймын. Ол барар 
орынның жаманы», – деді. Сол уақытта Ибраһим мен Исмайыл (ғ.с.) 
үйдің  (Қағбаның)  іргетасын  көтере: «Бізден  қабыл  айла,  күдіксіз, 
Сен  тілекті  тым  естуші,  толық  білушісің.  Раббымыз,  екеумізді  де 
Өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да Өзіңе бой ұсынушы 
бір  үмбет  қыла  көр  əрі  бізге  қажылық  ғамалдарымызды  көрсетіп, 
тəубелерімізді қабыл айла, əлбетте, Сен Өзің тəубені қабыл етуші, 
ерекше  мейрімдісің!  Раббымыз  ұрпағымыздың  ішіне  өздерінен, 


132
оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты əрі үкімдерін үйретіп, оларды 
тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз, Сен Өзің ғана аса үстем, 
өте данасың» деп жалбарынды. (Ибраһим ғ.с.-ның тілегі бойынша 
Мұхаммед ғ.с. елші болып келді). 
(Бақара сүресі, 124-129)
Ибраһим  (ғ.с.)  бұны  ұлдарына  өсиет  етті  жəне  Яғқұп  (ғ.с.)  да: 
«Ей, ұлдарым! Əрине, Алла сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан 
сендер нағыз мұсылман болып өліңдер», – деді. 
(Бақара сүресі, 132) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет