135
Ибраһимнің (ғ.с.) түрегеп тұрған əйелі күліп жіберді. Сонда оны
Ысхақ жəне артынан Яғқұппен қуандырдық. (Ибраһимнің жұбайы):
«Əттең-ай! Мен кемпір мына ерім шал, мен туамын ба? Бұл əрине
таңғажайып нəрсе!» – деді.
(Һуд сүресі, 71-72)
(Періштелер оған): «Сен Алланың əміріне таңқаласың ба?
Алланың мəрхаматы мен молшылығы сендерге болсын (ей, Ибраһим
отбасы). Шынында, Алла мақтауға лайық, аса жоғары».
(Һуд сүресі, 73)
(Ибраһим ғ.с.): «Маған кəрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені
неліктен сүйіншілейсіңдер?» – ддеді. (Періштелер): «Біз сені бір
шындықпен сүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!» – ддеді.
(Ибраһим ғ.с.): «Раббының рахметінен адасушылардан басқа кім
күдер үзеді?», – деді.
(Хижр сүресі, 54-56)
Оны пайғамбарлардың ізгілерінен-Ысхақпен сүйіншіледік. Өзіне
де Ысхаққа (ғ.с.) да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан
жақсы болғандар да, өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар.
(Саффат сүресі, 112-113)
Достарыңызбен бөлісу: