Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Хз. Лұттың пайғамбар болуы



Pdf көрінісі
бет133/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Лұттың пайғамбар болуы     
Сонда  Лұт  (ғ.с)  оған  иман  келтірді. (Ибраһим  ғ.с.): «Шын 
мəнінде, мен Раббым жаққа жөнелемін. Күдіксіз, Ол үстем, хикмет 
иесі», – деді. 
(Ғанкəбут сүресі,  26)
Лұтқа  (ғ.с.)  хикмет,  ғылым  бердік.  Жаман  істер  істейтін  кент-
тен (елден, ауылдан) құтқардық. Рас, олар жаман бұзық ел еді. Оны 
рахметімізге бөледік. Рас, ол жақсылардан  еді. 
(Əнбия сүресі, 74-75)
Жəне Исмайыл, Əлясағ, Юныс əрі Лұт, барлығын əлемге ардақты 
қылдық.
(Əнғам сүресі, 86)
Лұт қауымының адасушылығы 
Лұт (ғ.с.) сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын əлемнен ешкімнің 
істемеген арсыздығын істейсіңдер ме? Сендер əйелдерді қойып ер-
кектерге  қызығып  келесіңдер  ме?  Əрине,  сендер  шектен  шыққан 
елсіңдер», – деді.  
(Ағраф сүресі, 80-81)
«Дүниеде  (əйелдер  тұрып)  еркектерге  қосыласыңдар  ма?  Раб-
бы ларыңның  сендер  үшін  жаратқан  əйелдеріңді  тастайсыңдар  ма? 
Сендер асқынған елсіңдер». 
(Шұғара сүресі, 165-166)


133
 
Лұтқа (ғ.с.) да (пайғамбарлық бердік). Сол уакытта еліне: «Рас, 
өздеріңнен бұрын əлемде ешкім істемеген арсыздықты істедіңдер», 
–  деді. «Рас,  сендер  еркектерге  жақындасасыңдар  да,  жол  кесіп 
жəне мə жіліс теріңде жамандық істейсіңдер ме?». Сонда елінің жа-
уабы: «Егер  шыншылдардан  болсаң,  қане,  бізге  Алланың  азабын 
келтірші», – дегеннен басқа болмады. 
(Ғанкəбут сүресі, 28-29)
Лұтты (ғ.с.) да жібердік. Сол уақытта еліне: «Сендер көре тұра 
арсыздық істейсіңдер ме?» – деді. «Сендер əйелдерді қойып, еркек-
терге қызығып келесіңдер ме? Əрине, сендер надан елсіңдер!» 
(Нəміл сүресі, 54-55)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет