168
Сондықтан ішінде мүлдем қалатын жəһаннамның есіктерінен
кіріңдер. Өзін жоғары санағандардың орны нендей жаман. Сон-
дай Алладан қорыққандарға: «Раббыларың не түсірді?», – делінсе,
олар: «Игілік», – дейді. Сондай-ақ жақсылық істегендерге бұл
дүниеде жақсылық бар. Əрине, ақырет жұрты тағы жақсы. Əлбетте,
тақуалардың қонысы нендей жақсы. Олар астарынан өзендер ағатын
Ғадын бақшасына кіреді. Сондай-ақ олар онда нені қаласа бар. Осы-
лайша, тақуаларды Алла сыйлайды. Ол сондай тақуалар, жақсы
жағдайда періштелер жандарын алып: «Сендерге есендік болсын,
ғамалдарыңа орай жəннатқа кіріңдер», – дейді. Қарсы болғандар,
өздеріне (жан алғыш) періштелердің келуін немесе Раббыңның
бұйрығының келуін ғана күте ме? Бұлардан бұрыңғылар да осы-
лайша істеген болатын. Сондай-ақ Алла оларға зұлымдық қылмады.
Бірақ, олар өздеріне зұлымдық қылған еді.
(Нахыл сүресі, 28-33)
Достарыңызбен бөлісу: