187
Олар: «Ей, Шұғайып! Біздің аталарымыздың табынғанын та-
стауымызды немесе малдарымызды қалауымызша істетуден тый-
ылуымызды саған намазың əмір ете ме? Тіпті сен өте жұмсақ, аса
есті көрінесің», – деді (Шұғайып ғ.с.): «Ей, халқым! Айтыңдаршы!
Егер мен Раббым тарапынан ашық дəлел үстінде болсам жəне Өз
қасынан маған көркем ризық берген болса, сендерді тыйған нəрсемді
өзім істеп, сендерге қарсы келуді қаламаймын. Шамам келгенінше
түзелтуді ғана қалаймын. Табысты болуым Аллаға ғана байланысты,
Оған тəуекел еттім əрі Оған бой ұсынамын», – деді.
(Һуд сүресі, 87-88)
Бірде олар: «Пайғамбарға бір періште неге түсірілмейді?», – деді.
Егер періште түсірсек еді (оған да қарсы келгендіктерінен) іс біткен
болып оларға сонан кейін мұрса берілмес еді. Егер пайғамбарды
бір періште қылсақ еді, оны да бір адам (бейнесінде) қылар едік те,
оларға күдіктенген сайын шақ салған болар едік.
(Əнғам сүресі, 8-9)
Немесе олар: «Оны өзі жасады» дей ме? (Мұхаммед ғ.с.): «Қашан
өзім жасаған болсам, сонда мені Алладан еш қорғай алмайсыңдар.
Алла ол жөнінде не көкігендеріңді (айтқандарыңды) жақсы біледі.
Сондай-ақ Ол мені мен сендердің арамызға куəлікте жетіп асады.
Жəне Ол тым жарылқаушы, ерекше мейірімді» де.
(Ахқаф сүресі, 8)
Достарыңызбен бөлісу: