Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Құрандағы имансыздардың сипаты



Pdf көрінісі
бет187/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   359
Құрандағы имансыздардың сипаты 
(Мұхаммед ғ.с.) əрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба. Өте 
айыптағыш, өсек тасығышқа да, жақсылыққа тыйым салушы, шек-
тен  шығушы  күнəкарға  да,  сотқар,  сондай-ақ  тексізге  де  (Мұғайра 
ұлы Уəлід).
(Қалам сүресі, 10-13)
Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды?  Олар мүлде үріккен 
құлан сияқты;  Арыстаннан қашқан... .
(Муддəссир сүресі, 49-51)
Рас, аманатты (дінді) көктер мен жерге жəне тауларға ұсындық; 
сонда олар оны көтеруден бас тартып, одан қорықты. Оны адам ба-
ласы өз мойнына алды. Өйткені ол өте залым (өзіне зұлымдық жа-
саушы),  надан  еді.  Нəтижеде  Алла  мұнафық  ерлер  мен  əйелдерді 
жəне  мүшрік  ерлер  мен  əйелдерді  азапқа  салады  да,  мүмін  ерлер 


174
мен əйелдердің тəубесін қабыл етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекше 
мейірімді.  
  (Ахзаб сүресі, 72-73)
(Ғамал дəптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол 
солшылдар. 
(Уақиға сүресі, 9)
Солшылдар, сол шолшылдар нендей сұмырай. 
(Уақиға сүресі, 41)
Сендерге (келсе де) тым сараң. Ал қашан бір қауіп төнсе, олардың 
саған, өздерін өлім есірігі басып бара жатқандай көздері төңкеріліп 
қарағанын  көресің.  Сонда  қауіп-қатер  кетсе  қылған  қайырларына 
іштері  ашып,  сендерге  өткір  тілдерін  тигізеді.  Міне,  осылар  иман 
келтірмегендер.  Сондықтан    Алла    олардың    ғамалдарын    жойды. 
Бұл  Аллаға  оңай. 
(Ахзаб сүресі, 19)
Елінің дандайсыған бастықтары: «Ей, Шұғайып! Əрине, сені де 
сенімен бірге иман келтіргендерді де, кентімізден шығарамыз неме-
се дінімізге қайтасыңдар», – деді. Шұғайып (ғ.с.): «Жақтырмасақ та 
ма?» – деді. 
(Ағраф сүресі, 88)
Олардың көбін уəдеде таппадық. Əрі олардың көбін мүлде бұзық 
көрдік.
(Ағраф сүресі, 102)
Қашан  оларға  бір  жақсылық  келсе, «Бұл  біздің  хақымыз»  деп, 
егер  оларға  бір  жамандық  жетсе,  Мұса  жəне  онымен  бірге  болған 
кісілерді ырымдайды. Байқаңдар! Олардың сəтсіздіктері Алла тара-
пынан. Бірақ, олардың көбі білмейді. 
(Ағраф сүресі, 131)
Жер жүзінде орынсыз түрде дандайсығандарды ұзақтастырамын. 
Егер олар барлық белгілерді көрсе де, оған сенбейді. Сондай-ақ олар 
тура жолды көрсе, оны жол қылып ұстамайды. Ал егер қисық жолды 
көрсе, оны жол қылып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп 
одан  ғапыл  (қаперсіз, бейқам) болғандықтары.  
(Ағраф сүресі, 146)


175
 
Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, 
мүлде тозақ отында қалады. Міне, солар – жаратылғандардың жау-
ызы. 
(Бəйинə сүресі, 6)
Сонда олардың тыйым салынған нəрседе шектен шыққандықтары 
себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар» дедік. 
(Ағраф сүресі, 166)
Рас,  тозақ  үшін  де  көптеген  жын,  адамдар  жараттық.  Олардың 
жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен 
көрмейді. Жəне олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар 
хайуан тəрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне, солар мүлде қаперсіздер. 
(Ағраф сүресі, 179)
Қылмыстылар жек көрсе де, хақиқат шынға шықсын да бұзық   -
тық жойылсын.
(Əнфəл сүресі, 8)
Расында,  Алланың  қасында  жəндіктердің  ең  жаманы,  сондай 
шындықты  түсінбейтін  саңырау, сақаулар. 
(Əнфəл сүресі, 22)
Адам баласы жақсылық тілеуден жалықпайды да, егер оған бір 
жамандық душар болса, сонда  мүлде  күдер  үзіп  үмітсізденеді. 
(Фуссилəт сүресі, 49)
Олар тозаққа төндірілгенде, қорлықтан сүмірейіп, жасырын көз 
құйрығымен  (қиығымен)  қарағанын  көресің.  Иман  келтіргендер 
оларды: «Зиянда  болғандар,  Қиямет  күні  өздерін  де,  семьяларын 
да  зиянға  ұшыратқандар», – дейді.  Байқаңдар!  Дау  жоқ,  залымдар 
тұрақты  азапта  болады. 
(Шура сүресі, 45)
Сонан соң сендер, ей, адасқан өтірікшілер! 
(Уақиға сүресі, 51)


176
Оларға  шайтан  үстем  келіп,  өздеріне  Алланы  еске  алу-
ды  ұмыттырды.  Олар – шайтанның  тобы.  Байқандар!  Расында, 
шайтанның жамағаты, солар – зиян  тартушылар. 
(Мужəдəлə сүресі, 19)
Əсте болмайды. Өйткені, ол қасарысқан еді. 
(Муддəссир сүресі, 16)
Сорлы болғандар одан бой тежейді. Ол сондай зор тозаққа салы-
нады. 
(Ағлə сүресі, 12-11)
Жоқ,  егер  ол  бұдан  тыйылмаса,  əлбетте,  кекілінен  сүйрейміз. 
Өтірікші,  күнəкардың  кекілінен. 
(Алақ сүресі, 15-16)
Ей, иман келтіргендер! Дау жоқ, мүшріктер арам. Сондықтан би-
ылдан кейін Месжід Харамға жоламасын. Кедейліктен қорықсаң дар, 
егер    Алла  қаласа,  сендерді  Өз  кеңшілігімен  байытады.  Расында, 
Алла толық білуші, хикмет иесі. 
(Тəубе сүресі, 28)
(Пайғамбарлар)  Алладан  көмек  тіледі  де,  зорлықшыл  қасарыс-
қанның  барлығы  зиянға  ұшырады. 
(Ибраһим сүресі, 15)
(Мұхаммед ғ.с.): «Егер Алланың қасындағы ақырет жұрты, ел-
ден ерекше нағыз сендер үшін ғана болса, өлім тілеңдерші! Шын-
шыл болсаңдар» де. 
(Бақара сүресі, 34)
Күпірлік  келтіргендердің  мысалы:  Дабыстағанда  үнді,  айғайды 
ғана естіп түсінбейтін біреу тəрізді; саңырау, сақау жəне соқыр. Сон-
да олар еш  нəрсені  аңғармайды. 
 (Бақара сүресі, 171)
(Алла): «Қорланып қуылған түрде ол жерден шық. Əрине, олар-
дан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтыра-
мын», – деді.
     (Ағраф сүресі, 18)


177
 
«Бүкіл  қарсы  болған  қиқарды  тозаққа  салыңдар» (делінеді). 
«Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы жəне күмəнданушы». 
(Қаф сүресі, 24-25)
«Бүкіл  қарсы  болған  қиқарды  тозаққа  салыңдар» (делінеді). 
«Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы жəне күмəнданушы». 
(Қамар сүресі, 25-26)
Негізінен, бұзықтар тозақта болады. 
(Инфитар сүресі, 14)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет