181
Олар: «Оған Раббынан неге мұғжизалар түсірілмейді?» – десті.
«Мұғжизалар Алланың ғана жанында. Шын мəнінде, мен ашық
ескертуші ғанамын» де. Əрине, оларға оқылып жатқан Кітапты
саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? (Одан артық мұғжиза
бола ма?) Сөз жоқ. Құранда иман келтірген ел үшін əрине игілік
жəне үгіт бар.
(Ғанкəбут сүресі, 50-51)
Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы
аталарына келмеген нəрсе келді ме?
(Муминун сүресі, 68)
(Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Көрдіңдер ме, егер Алла сендерге
Қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге
жарық келтіретін тəңір кім? Естімейсіңдер ме?» – де. «Көрдіңдер ме,
егер Алла сендерге Қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алла-
дан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін тəңір кім? Көз
салмайсыңдар ма?» – де.
(Қасас сүресі, 71-72)
Ішкен суларыңды көрдіңдер ме? Оны бұлттан сендер жау-
дырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба? Егер қаласақ, оны ащы
қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме?
(Уақиға сүресі, 68-70)
Олар жер жүзінде кезіп, өздеріне бұрынғылардың соңының не
болғанын көрмей ие? Негізінен, олар бұлардан күштірек еді де,
олар жерді қопарып, олар оны бұлардың дамытуынан көрі көбірек
дамытқан еді. Оларға ашық дəлелдер мен елшілер де келген еді.
Сонда Алла Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ, олар өздеріне
зұлымдық етті.
Достарыңызбен бөлісу: