(Рум сүресі, 9)
(Мұхаммед ғ.с.): «Барлық мақтау Аллаға лайық. Жəне сəлем
Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе
қосқан ортақтары жақсы ма?» – деп сұра!
(Нəміл сүресі, 59)
182
Олар тозақта: «Бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан
басқа жақсы амал істейік» деп шыңғырады. «Сендерге үгіт алғысы
келген кісі үгіт алатын өмір бермедік пе? Əрі сендерге ескертуші
де келген еді. Енді татыңдар! Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ»
(делінеді).
(Фатыр сүресі, 37)
Ей, адам баласы! Алла сендерге берген ырысын еске алыңдар.
Сендерге көктен, жерден несібе беретін бір жаратушы бар ма? Одан
басқа ешбір тəңір жоқ. Сонда қалай тентіреп, бара жатырсыңдар?
(Фатыр сүресі, 3)
Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей
ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді.
(Ясин сүресі, 77)
Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны
жаратуға күші жетпей ме? Əлбетте, күші жетеді. Ол əр нəрсені жа-
ратушы, толық білуші.
(Ясин сүресі, 81)
Немесе олар еш нəрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жарату-
шы өздері ме? Яки олар көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар
нанбайды.
(Тур сүресі, 35-36)
(Мұхаммед ғ.с.) не сен олардан ақы тілеп, сондықтан олар
ауыр борышқа жығылды ма? Немесе олардың қасында ғайыптың
мəліметі бар да, олар соны жаза ма? Не болмаса, олардың бір əдіс
қылғылары келе ме? Сонда қарсы болғандардың өздері тұзаққа
түседі. Əлде олардың Алладан басқа тəңірі бар ма? Алла олардың
қосқан теңеулерінен пəк.
(Тур сүресі, 40-43)
Сендерді Біз жараттық. Сонда неге мойындамайсыңдар?
(Уақиға сүресі, 57)
Расында, бұрынғы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер
ме? Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме? Оны сендер өсіресіңдер ме?
183
Не Біз өсіреміз бе? Егер қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік.
Сонда күңкілдесе берер едіңдер.
(Уақиға сүресі, 62-65)
Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме? Оның ағашын сендер жарат-
тыңдар ма немесе Біз жараттық па?
(Уақиға сүресі, 71-72)
Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма? «Толып жатқан мал
ысырап еттім» дейді. Оны біреу көрмеді деп ойлай ма? Оған екі көз
жаратпадық па? Əрі бір тіл, екі ерін?
(Бəлəд сүресі, 5-9)
Бой ұсынушыларды, күнəкарлардай етеміз бе? Сендерге не бол-
ды, қалай үкім бересіңдер? Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма?
Расында, онда сендердің ұнатқандарың бар ма? Немесе сендер үшін
Бізге қарсы Қияметке дейін жалғасатын, шəксіз, өз пайдаларыңа үкім
берілетін бір ант бар ма? (Мұхаммед ғ.с.) олардан сұра: «Расында,
осыған олардың қайсылары жауапкер екен? Не олардың ортақтары
бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын əкелсін.
(Қалам сүресі, 35-41)
Алла ризығын тоқтатса, сендерді қоректендіретін кім? Əрине,
олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда.
(Мүлік сүресі, 21)
Егер олардан: «Көктер мен жерді кім жаратты жəне күн мен айды
кім іске қосты?»,– деп сұрасаң, əлбетте: «Алла», – дейді. Сонда олар
қайда лағып барады.
(Ғанкəбут сүресі, 61)
Ал адам баласы өзін алғаш жаратқанымызда дəнеңе емес екенін
ойламай ма?
(Мəриəм сүресі, 67)
Оларға: «Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге бір
аққан суды кім келтіреді?» де.
(Мүлік сүресі, 30)
184
Шын мəнінде, сондай аяттарымызда бұрмалаушылық жасағандар
Бізге жасырын емес. Ендеше, отқа тасталған біреу жақсы ма? Неме-
се Қиямет күні аман-есен келген біреу жақсы ма? Қалағандарыңды
істеңдер. Сөзсіз, Алла не істегендеріңді толық көруші.
(Фуссилəт сүресі, 40)
(Мұхаммед ғ.с.): «Көрдіңдер ме? Иə, осы Құран Алланың
қасынан келген болып, сонан соң оған қарсы келсеңдер, ол ұзақ
қайшылыққа түскен біреуден артық адасқан кім бола алады?».
(Фуссилəт сүресі, 52)
Расында, оны ғибрат қылып қалдырдық. Сонда түсінуші бар
ма? Азабым, ескертуім қалай екен? Расында, Құранды үгіт үшін
оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?
(Қамар сүресі, 15-17)
Расында, сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сонда түсінуші
бар ма?
(Қамар сүресі, 51)
Етпеттеп жүрген біреу турарақ ба? Даңғыл жолда тік жүрген
біреу турарақ па?
(Мүлік сүресі, 22)
Олар көктер мен жердегі Алланың мүліктеріне жəне Алла
жарат қан нəрселеріне, сондай-ақ өздерінің ажалдарының жақын
болуының мүмкін екендігін ойламай ма? Ал енді олар бұдан кейін
қай сөзге сенеді?
(Ағраф сүресі, 185)
(Мұхаммед ғ.с.) осылар Алланың аяттары. Саған бұларды
хақиқат бойынша оқимыз. Енді олар Алланың аяттарынан кейін қай
сөзге сенеді?
(Жəсия сүресі, 6)
Олар: «Бұл Құран (Мекке, Тайып) екі қаладан ірі бір адамға
түсірілсе еді», – деді. (Мұхаммед ғ.с.) Раббыңның мəрхаметін
олар бөліп бере ме? Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін ара-
ларына Біз үлестірдік. Сондай-ақ бір-біріне бағынсын деп, бірін-
185
бірінен дəрежеде көтердік. Раббыңның мəрхаметі олардың жиған-
тергендерінен артық.
(Зухруф сүресі, 31-32)
Достарыңызбен бөлісу: |