Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Мешіттерге жақсы киініп бару



Pdf көрінісі
бет298/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Мешіттерге жақсы киініп бару
(Жаһилиет дəуірінде, арабтар, Қағбаны жалаңаш айналып, жəне 
ет,  май  жемеген.)  Ей,  адам  балалары!  Əрбір  құлшылық  орнында 
зейнеттеріңді алыңдар. (Киініңдер) жəне жеңдер, ішіңдер де ысырап 
етпеңдер. Күдіксіз, Алла  ысырап  етушілерді  сүймейді.
(Ағраф сүресі, 31)


302
ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ. 
ЖАНҰЯ ЖƏНЕ ҚОҒАМ
Ата-аналармен қарым-қатынас
Адамдарға  ата-анасына  қарайласуды  бұйырдық.  Ананың  оған 
мешеулік  (қиналу)  үстіне  мешеулікпен  (қиналып  көтеріп)  жүкті 
болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған жəне əке-шешеңе 
шүкір ет. Қайтар орның  Мен  жақ.
(Лұқман сүресі, 14)
Адам баласына əке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқа дық. Өйт-
кені шешесі оны зорға көтеріп, əрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті 
болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыры ол ержетіп, қырық жасқа жеткен 
кезде: «Раббым!  Өзіме  əке-шешеме  берген  нығметтеріңе  шүкірлік 
етуімді, Өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нəсіп ете көр! 
Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мəнінде, мен тəубе қылдым. 
Əрине, мен бой ұсынушыларданмын» деді. Міне, бұлар Біз жақсы 
амалдарын қабыл етіп, жамандықтарын кешіретін жəннаттықтардың 
ішінде болады. Бұл оларға етілген шынайы уəде.
(Ахқаф сүресі, 15-16)
Раббың  Өзіне  ғана  ғибадат  етулеріңді,  əке-шешеге  жақсылық 
қылуларыңды  əмір  етті.  Ал  егер  ол  екеуінің  бірі  немесе  екеуі  де 
жандарыңда кəрілікке жетсе: «Тұһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ 
ол екеуіне зекіме де, оларға сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп 
мəрхамет  құшағын  жай  да: «Раббым!  Ол  екеуі  мені  кішкентайда 
тəрбиелегендей  Сен  де  оларды  мəрхаметіңе  бөлей  гөр!»  де. 
Раббыларың  іштеріңдегі  нəрселерді  жақсы  біледі.  Егер  игілерден 
болсаңдар, негізінде, Алла бойсұнушыларды жарылқайды. 
(Исра сүресі, 23-25)
(Мұхаммед  ғ.с.)  олар  сеннен  Алла  жолында  не  беретіндіктерін 
сұрайды. «Нендей  қайыр  сарып  қылсаңдар,  əке-шеше,  жақындар, 
жетімдер,  міскіндер  жəне  жолда  қалғандар  үшін.  Қайырдан  не 
істесеңдер де, күдіксіз, Алла оны біледі» де. 
(Бақара сүресі, 215)


303
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет