Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Туған-туысқандардың жəне мұң-мұқтаждардың



Pdf көрінісі
бет300/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Туған-туысқандардың жəне мұң-мұқтаждардың 
құқығы
Негізінде,  Алла  əділетті,  игілікті  жəне  ағайынға  қарай       ласуды 
бұйырады. Жəне де арсыздықтан, қарсылықтан жəне зорекерліктен 
тыяды. Сендерге насихат береді. Əрине, түсінерсіңдер. 
(Нахыл сүресі, 90)
Туысы  жақындарға,  міскіндерге,  жолда  қалғандарға  міндетті 
түрде қарайласыңдар. Жəне мүлде ысырап қылмаңдар. 
(Исра сүресі, 26)


304
(Яһудилер  месжід  Ақсаны,  христиандар  оның  шығыс  жағын 
қыбла  тұтып,  əрқайсысы  өз  қыбласын  жақсы  деп  ойлайды. 
Жүздеріңді  шығысқа,  батысқа  жөнелту  бір  игілік  емес.  Бірақ,  кім 
Аллаға,  Ақырет  күніне,  періштелерге,  кітаптарға,  пайғамбарларға 
иман  келтірсе  жəне  жақындарына,  жетімдерге,  міскіндерге,  жолда 
қалғандарға,  қайыршыларға  жəне  құл  азат  етуге  жақсы  көре  оты-
рып, мал сарып қылса əрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара 
байласқан  уəдесін  орындаушы,  таршылықта,  қиыншылықта  жəне 
соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар əрі солар 
тақуалар.
(Бақара сүресі, 177)
Бөліс  кезінде  ағайындар,  жетімдер  жəне  міскіндер  келсе,  онда 
оларды  құр  тастамай  бір  нəрсе  беріңдер  де,  өздеріне  сыпайы  сөз 
сөйлеңдер. 
(Ниса сүресі, 8)
Сендерден  кеңшілік,  молшылыққа  ие  болғандар  жақындарына, 
міскіндерге, мүһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу 
етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер 
ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. 
(Нұр сүресі, 22)
Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нəрсені ортақ қоспаңдар. 
Жəне  əке-шешеге  жақындарға,  жетімдерге,  міскіндерге  жақын 
көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға жəне қол 
астыңдағыларға  жақсылық  қылыңдар.  Негізінен,  Алла  тəкаппар, 
мақтаншақты жақсы көрмейді.
(Ниса сүресі, 36)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет