Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет302/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Жетімдердің ақысы
Ендеше, жетімді қорлама.
(Дұха сүресі, 8)
Арттарында нашар (жас) балалар қалдырса, оларға не болар екен 
деп уайым жесін. Алладан қорықсын да, дұрысын айтсын. 
(Ниса сүресі, 9)
Жетімнің  малына  жақындамаңдар!  Бірақ,  ол  есейгенге  дейін 
жақсы басқаруға болады.
(Əнғам сүресі, 152)
Негізінен, сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, 
олар қарындарын от пен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған 
тозаққа  кіреді.
(Ниса сүресі, 10)
Жетімдердің  малдарын  беріңдер,  жаманды  жақсымен  алмас-
тырмаңдар. 
(Ниса сүресі, 2)
Құранда əйел мен ердің теңдігі
Алланың  біріңе-біріңді  артық  еткен  нəрсесін  көксемеңдер. 
Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне жəне əйелдердің еңбектерінің 
тиесісі өзіне тəн. Алладан оның кеңшілігін сұраңдар. Шəксіз, Алла 
əр нəрсені толық білуші.
(Ниса сүресі, 32)
Еркектен немесе əйелден кім иман келтіруші болып, ізгі істерден 
істесе,  міне  солар  жəннатқа  кіреді.  Ешқандай  да  əділетсіздікке 
ұшыратылмайды.
(Ниса сүресі, 124)


306
Мүмін  ерлер  мен  мүмін  əйелдер  бір-біріне  көмекші.  Олар 
дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намазда-
рын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, елшісіне бой ұсынады. Со-
ларды Алла мəрхаметіне бөлейді. Расында, Алла тым үстем, аса дана. 
Алла мүмін ерлер мен мүмін əйелдерге астарынан өзендер ағатын, 
олар онда мүлде қалатын бақшалар жəне ғадын жəннатында, көркем 
орындар уəде етті. Ал Алланың ризалығы өте зор табыс. Міне, осы 
үлкен  қол  жетушілік.
(Тəубе сүресі, 71-72)
Сондай мүмін ер, мүмін əйелдерді жазықсыз кейіткендер, əрине 
олар жала жауып, ашық  күнə  жүктеп  алды.
(Ахзаб сүресі, 58)
Нəтижеде Алла мұнафық ерлер мен əйелдерді жəне мүшрік ер-
лер  мен  əйелдерді  азапқа  салады  да,  мүмін  ерлер  мен  əйелдердің 
тəубесін қабыл етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
(Ахзаб сүресі, 73)
Ер немесе əйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, əлбетте оны 
жақсы тіршілікте жасатамыз. Əрі оларға істеген істерінен жақсырақ 
сыйлық береміз.
(Нахыл сүресі, 97)
«Раббым!  Мені,  əке-шешемді,  мүмін  болып  үйіме  кірген  кісіні 
жəне  мүмін  ерлер  мен  мүмін  əйелдерді  жарылқа!  Сондай-ақ 
залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр», – деді.
(Нұх сүресі, 28)
Сұмпайы  əйелдер  сұмпайы  ерлерге,  сұмпайы  ерлер  сұмпайы 
əйелдерге сондай-ақ игі əйелдер игі ерлерге, игі ерлер игі əйелдерге 
лайық. Бұлар, олардың айтқандарынан ақ. Олар үшін жарылқау əрі 
көркем несібе бар.
(Нұр сүресі, 26)
Шүбəсіз,  садақа  беруші  ерлер  мен  садақа  беруші  əйелдер, 
сондай-ақ  Аллаға  көркем  борыш  бергендер  (тиісті  орынға  мал  са-
рып қылғандар), оларға неше есе арттырады əрі олар үшін көркем 
сыйлық бар.
(Хадид сүресі, 18)


307
 
Сөз жоқ, мұсылман ерлер жəне мұсылман əйелдер, мүмін ерлер 
жəне мүмін əйелдер, бой ұсынушы ерлер жəне бой ұсынушы əйелдер, 
шыншыл ерлер жəне шыншыл əйелдер, сабырлы ерлер жəне сабыр-
лы əйелдер, ықыласты ерлер жəне ықыласты əйелдер, садақа беруші 
ерлер жəне садақа беруші əйелдер, ораза ұстаушы ерлер жəне ораза 
ұстаушы əйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер жəне əйелдер, Ал-
ланы көп зікір етуші ерлер жəне əйелдер; Алла бұлар үшін жарылқау 
жəне ірі сыйлық əзірледі. Алла жəне елшісі қашан бір іске үкім бер-
се, мүмін ер жəне мүмін əйел үшін олардың істерінде ерікті болула-
рына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, елшісіне  қарсы  келсе, сонда   
рас  ашық  адасқан  болады. 
(Ахзаб сүресі, 35-36)
Сол  күні  мүмін  ерлер  мен  мүмін  əйелдердің  нұрлары  алда-
рында  жəне  оң  жақтарында  жүгіргенін  көресің: «Сендерге  бүгін 
қуаныш. Астарынан өзендер ағатын ұжмақтар бар. Ол арада мүлде 
қаласыңдар. Міне, осы – ұлы қол жеткендік» (делінеді).
(Хадид сүресі, 12)
«Əлде  кім  бір  жамандық  істесе,  сонда  ол,  соның  өзіндей  ғана 
жаза көреді. Ал жəне ер, əйел кімде-кім сенген түрде ізгі іс істесе, 
міне,  солар  жəннатқа  кіреді.  Сондай-ақ  олар  онда  есепсіз  ризыққа 
бөленеді».
(Ғафыр сүресі, 40)
Неке
Расында,  сеннен  бұрын  да  пайғамбарлар  жібергенбіз.  Оларға 
да  жұбайлар,  ұрпақтар  бергенбіз.  Ешбір  пайғамбар  Алланың 
рұқсатынсыз бір аят келтіре алмайды. Əр нəрсенің мезгілі жазулы.
(Рағыд сүресі, 38)
Егер (үйленгенде) жетім əйелдер жайында əділетсіздік істеуден 
қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа əйелдерден екі, үш жəне төртке 
дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда 
біреу  алыңдар  немесе  қолдарыңдағы  күң  де  болады.  Əділетсіздік 
болмауға жақыңырағы осы.
(Ниса, 3)


308
Іштеріңдегі  бойдақтарды  (ер  жеткен  ұл-қыздарды,  тұл  ер, 
əйелдерді)  сондай-ақ  қолдарыңдағы  құл,  күңдердің  дұрыстарын 
үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен олар-
ды байытады. Алла аса кеңшілік  иесі, толық  білуші.
(Нұр, 32)
Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар 
жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы 
да  Оның  белгілерінен.  Сөз  жоқ,  осыларда  ойланған  елге  белгілер 
бар.
(Рум, 21)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет