Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет354/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Ең кемел дін – Ислам
Алланың қасында шынайы дін – Ислам. 
  (Əли Имран сүресі, 19)


359
 
Терминологиялық сөздік
Ахлақ – Араб тіліндегі (х-л-қ) яғни жаратылыс түбірінен тарай-
тын есім сөз. Адамның мінез-құлық жаратылысын, мінезін, табиғи 
болмысын білдіреді. Қазақ тілінде ол мінез-құлық тіркесіндегі құлық 
сөзімен түбірлес жəне мағыналас келеді. 
Ғайб – сөздікте ол көзден таса, көрінбейтін дегенді білдіреді. Ал 
Ислам  дініндегі  терминдік  мағынасы  метафизикалық  жəне  рухани 
əлем, көзге көрінбейтін əлем, адам баласы біле алмайтын құпиялар 
мен сырлар дегенді білдіреді. Ғайбты тек Алла ғана біле алады, ал 
адам баласы Алланың өзіне үйреткен мөлшерінде ғана білуі мүмкін.
Ғайбат – Біреуді көзінше емес, ту сыртынан жамандап, өсектеу, 
кемшіліктерін  санау  мағынасына  келетін  термин.  Ғайбат  Ислам 
дінінде үлкен күнəлардың бірі болып табылады. 
Ғиддет – талақ  кезінде  Ислам  шариғаты  бойынша  əйел  төрт 
ай  он  күн  шамасында  ғиддет  күтеді.  Ғиддеттің  мағынасы  санау-
лы күндер дегенді білдіреді. Ғиддет талақтың неғұрлым оңай бол-
мауы  үшін  қойылған  талаптардың  бірі.  Сондай-ақ  бірінші  жəне 
екінші  талақта  ғиддет  күту  мерзімінде  екі  тарап  ниетінен  айныса 
қайтадан қосылуына болады. Ғиддет күту екі жақтың жақсылап ой-
ланып, дұрыс шешім қабылдауына уақыт береді жəне көбіне қайта 
қосылуларына себеп болады. Сонымен қатар ғиддет əйел адамның 
жатырында нəрестенің бар-жоғын анықтауға да қажет.
Ғұсыл – Ислам дініндегі тазалық түрлерінің бірі. Ғұсылды кей-
де бой дəрет деп те атайды. Ол денені түгелдей, ауыз жəне мұрын 
қуыстарымен қоса жуып тазалану дегенді білдіреді. Ерлі-зайыптылар 
жақындасудан кейін жəне əйелдер етеккірден кейін ғұсыл құйынуы 
міндет.
Дəрет – Ислам  дініндегі  тазалық  түрлерінің  бірі.  Қазақ 
дəстүрінде  дəрет  астыңғы  дəрет  (асты  дəрет)  жəне  дəрет  деп  екіге 
бөлінеді.  Алайда  негізінде  дəрет  деп  бетті,  қолдарды,  аяқты  жуу 
жəне  басқа  мəсіх  тарту  (сипау)  түрінде  жасалатын  тазалық  түрін 
атайды.  
Дін-дин – Құрандағы  басты  ұғымдардың  бірі  болып  табыла-
ды.  Ол  шын  мəнінде  қазақ  тіліндегі  дін  ұғымынан  өзге  көптеген 
мағыналарды  білдіреді.  Қияметтегі  есеп-жаза,  үкім  беру,  басқару 
жəне т.б. мағыналары бар.


360


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет