361
Алланың құзырындағы қорғаулы маңдайша дегенді білдіреді.
Онда адам, əлем жəне барлық жаратылыс жайында мəлімет бүге-
шүгесіне дейін жазулы деп сеніледі. Оны арнайы періштелер қорғап
тұратындықтан (Лəух əл-Махфуз) «қорғаулы маңдайша» деп аталған.
Мəһір – Шариғат заңы бойынша неке кезінде қалыңдықтың өзіне
берілетін арнайы сыйлық. Күйеу жігіт оны кем дегенде екі куəгердің
көзінше беруге немесе уəде етуге тиісті. Ажырасқан жағдайда
уəде етілген мəһір қолма-қол беріледі. Негізгі мақсаттарының бірі
некені қызықтырақ қылу, жастар оған жеңіл қарамауы үшін кішкене
қиындату жəне ажырасқан жағдайда қалыңдықтың қолында белгілі
бір қаражат болуын алдын-ала қамтамасыз ету болса керек.
Миғраж – көкке өрлеу дегенді білдіреді. Ислам пайғамбары Хз.
Мұхаммед Меккеде тұрған кезінде хижрадан бір жарым жыл бұрын
Жəбірейіл періштенің жетегінде көкке сапар шеккендігі Құранда
Исра сүресінде баяндалады.
Мүмін – Иманды адам дегенді білдіреді. Мұсылманнан
айырмашылығы мұсылман Исламды қабылдаған, мойындаған адам
болғанымен əлі иман жүрегіне орнықпаған болуы мүмкін. Ал мүмін
жүрегінде иманы бар адам дегенді білдіреді. Сондықтан мүмін деген
мұсылмандар арасындағы иман тұрғысынан дəреже деуге болады.
Мұнафиқ – екіжүзді дегенді білдіреді. Ислам терминологиясын-
да мұсылмандар арасында мұсылманша киініп, мұсылман болып
көрініп жүргенімен, Аллаға сенбейтін, имансыз адамдарды атайды.
Алайда ешкімді мұнафиқ деп атауға болмайды. Өйткені сырт көрінісі
мұсылман болған адамдардың қайсысы мұнафиқ екендігін қияметте
Алла тағала ғана атай алады. Құран бойынша ондай екіжүзділер
тозақтың ең төменгі қабатында болады.
Достарыңызбен бөлісу: