Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Нəпақа – Отағасының өз отбасына күнделікті қамтамасыз етуі  тиісті азық-түліктер мен өзге қажеттіліктерді атайды. Нəпіл



Pdf көрінісі
бет357/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   359
Нəпақа – Отағасының өз отбасына күнделікті қамтамасыз етуі 
тиісті азық-түліктер мен өзге қажеттіліктерді атайды.
Нəпіл – Ислам шариғатында бекітілген парыз құлшылықтардан 
өзге  əр  мұсылманның  қосымша  өз  еркімен  орындайтын 
құлшылықтарын нəпіл деп атайды. Осыдан нəпіл намаз, нəпіл ораза, 
нəпіл садақа деген ұғымдар шығады. 
Нəпсі – сөздікте  адамның  өзі  жəне  өз  жан  дүниесі  дегенді 
білдіреді.  Ислам  шариғатында  адамның  өз  басының  лəззаты  мен 
құмарына  берілуін  нəпсіге  берілу  деп  атайды.  Нəпсіні  тəрбиелеу 
бағытында  пайда  болып,  қалыптасқан  ғылым  саласын  тасауф  деп 
атайды. 
Раббы – тəрбиелеуші, жөн сілтеуші, қамқоршы дегенді білдіреді. 
Құранда Алла тағала Өзін əлемдердің Раббысы деп таныстырады. 


362
Сəжде – Алла  алдында  маңдайды  жерге  қойып  иілуді  сəжде 
деп  атайды.  Ислам  шариғатында  сəждеде  жерге  маңдаймен  қоса 
мұрын, екі алақан, екі тізе жəне екі аяқтың ұшы тиіп тұруы тиісті. 
Пайғамбардың хадистерінде сəжде осы жеті сүйекке жасалады деп 
келеді. 
Талақ – сөздікте босату дегенді білдіретін бұл сөз термин ретінде 
ердің өз əйелін босатуы, ажырасуы дегенді білдіреді. Талақ Ислам 
дінінде ең көбі үш рет бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет