Тəңір ізгіліктің сауабын артығымен беруші Негізінен, Алла тозаң түйірінің салмағындай да əділетсіздік
етпейді. Егер бір жақсылық болса, оны неше есе арттырады əрі Өз
жанынан да ірі сыйлық береді.
(Ниса сүресі, 40) Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық əрі артығы да бар.
Олардың беттерінде бір дақ не қорлық əсері көрінбейді, солар –
жəннаттық. Олар онда мəңгі қалады.
(Юныс сүресі, 26) Міне, Алла иман келтіріп, түзу іс істеген құлдарын қуанышқа
бөлейді. (Мұхаммед ғ.с.): «Сендерден бұған жақындық махаб-
баттан басқа ешбір ақы тілемеймін» де. Кім бір жақсы табысқа
ие болса, оның бұндағы жақсылығын арттыра түсеміз. Күдіксіз,
Алла тым жарылқаушы, шүкірлікті бағалаушы. (Бұл аяттағы
жақын сүйіспеншілік: «Құлшылық арқылы Аллаға жақындау не-
месе Құрайштан болғандығым үшін жақындық көрсетіп жапа
бермеулеріңді қалаймын» деген ұғымдарда)
(Шура сүресі, 23) Əлдекім Аллаға көркем қарыз берсе (тиісті орынға мал жұмсаса),
сонда Алла оны неше есе арттырады да, оған көркем сауап береді.
(Хадид сүресі, 11)