Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет93/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Мұнафықтарды жазалаушы
Алла мұнафық ерлер мен мұнафық əйелдерге жəне имансыздар-
ға  ішінде  мүлде  қалатын  тозақ  отын  уəде  етті.  Сол  оларға  жетеді. 
Сондай-ақ  Алла  оларға лағынет етті. Əрі оларға тұрақты  қинау бар. 
(Тəубе сүресі, 68)
Мүміндерді тура жолға жетелеуші
Тура  жолды  түсіндіру  Аллаға  тəн.  Ол  жолдың  қисығы  да  бар. 
Егер  Алла қаласа, барлығыңды тура  жолға салар  еді.
(Нахыл сүресі, 9)
Алла  кім  Өз  ризасына  үйлессе,  оны  сол  Кітап  арқылы  есен-
дік жолдарына  салады  жəне  Өз  нұсқауымен  қараңғылықтардан 
жарық   қа шығарып, тұп-тура жолға салады. 
 (Мəидə сүресі, 16)
Алланың  нұсқауы осы. Құлдарынан кімді қаласа, тура жолға са-
лады. Егер олар ортақ қосса еді, əрине, олардың істеген амалдары 
жойылып  кетер  еді. 
(Əнғам сүресі, 88)
Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла 
азапты  ақылдарын  жұмсамайтындарға  береді. 
(Юныс сүресі, 100)


104
(Мұса): «Раббымыз  əр  нəрсеге  бір  бейне  беріп,  сонан  соң  оны 
тура  жолға  салған», – деді. 
  (Taha сүресі, 50)
(Мұхаммед ғ.с.) саған  осылайша əмірімізден бір «Рух» (Құран) 
уахи еттік. Сен (Кітап не? Иман не?) білмейтін едің. Бірақ, Құранды 
нұр қылып, онымен  құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға сала-
мыз. Расында, сен тура жолға бастайсың. 
(Шура сүресі, 52)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет