Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Тура жолдағылар мен адасқандарды білуші



Pdf көрінісі
бет90/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Тура жолдағылар мен адасқандарды білуші
Міне, олардың білімі осыған-ақ жетеді. Шынында, Раббың жо-
лынан адасқан кісіні де жақсы біледі. Жəне тура жолға түскенді де 
жақсы біледі.  
 (Нəжім сүресі, 30)
(Мұхаммед ғ.с.): «Əркім өз жөн көргенін істейді. Сонда Раббың 
кімнің тура жолда екенін жақсы біледі» де.
(Исра сүресі, 84)
Əлбетте, Алла иман келтіргендерді де біледі. Əрине, мұнафық-
тарды да біледі. 
  (Ғанкəбут сүресі, 11)
Имансыздарға тұзақ құрушы
Адам баласына бір зиян тигеннен кейін рахметімізді таттырсақ, 
сол уақытта олардың аяттарымызға байланысты айлакерліктері бо-
лады. (Мұхаммед ғ.с.): «Алла  жазаландыруда өте жылдам» де. Ра-
сында, елшілеріміз (періштелеріміз) істеген сығандықтарыңды жа-
зады. 
(Юныс сүресі, 21)
Олар  сондай  айлакерлік жасады. Біз де олар сезбеген  жерден 
шарасын көрдік. 
(Нəміл сүресі, 50)


101
 
Олар түрлі мекерлік (қулық-сұмдық) істеді. Негізінде, олардың 
мекерліктері  тіпті  тауларды  қозғалтатын  болса  да,  мекерліктерін 
Алла  іске  асырмайды. 
(Ибраһим сүресі, 46)
Олар  айлакерлік  істеді, Алла  да амалын тапты. Алла тəсілшілер-
дің  жақсысы. (Яһудилер Ғисаны (ғ.с.) өлтіру үшін айлакерлік жаса-
ды. Алла амалын тауып, олардың біреуін Ғисаға (ғ.с.) ұқсатты. Олар 
соны өлтірді).  
(Əли Имран сүресі, 54)
(Мұхаммед ғ.с.) ойла! Бір  заманда олар сені қамауға не сені өл-
тіру ге  немесе шығаруға шара қолдануда еді. Олар шара қолданғанда, 
Алла шараларын бұзар еді. Алла  шара  көрушілердің  ең  жақсысы.
(Əнфəл сүресі, 30)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет