103
Екі жүзділердің жүректеріндегіні сыртқа шығарушы
Ал жəне сендерге (Ұхытта) екі топ қарсыласқан күнгі ти-
ген соққы Алланың бұйрығымен мүміндерді байқау үшін еді.
Сондай-ақ мұнафықтарды да байқау үшін. Ал оларға: «Келіңдер,
дұшпандармен шайқасыңдар не қорғанысқа тұрыңдар» делінсе,
олар: «Егер шайқасуды білсек, əрине, арттарыңнан ерер едік»,–
деді. Олар ол күні иманнан гөрі қарсылыққа жақынырақ еді. Олар
жүректерінде болмағанды ауыздарымен айта береді. Негізінде,
Алла олардың жасырын нəрселерін жақсы біледі.
(Əли Имран сүресі, 166-167)
Достарыңызбен бөлісу: