Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Тəңірді құрметтеу мен Оған табыну



Pdf көрінісі
бет101/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Тəңірді құрметтеу мен Оған табыну
«Алладан  өзге  табынғандарың  сендерге  ризық  бере  алмай-
ды.  Онда  ризықты  Алланың  қасынан  іздеңдер.  Оған  құлшылық 
қылыңдар да, Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар». 
(Ғанкəбүт сүресі, 17)
Тəңірді еске алу
«Сені ұнаттым. Енді уахи етілгендерді тыңда. Рас, Мен Алламын. 
Менен басқа тəңір жоқ. Сондықтан Маған құлшылық қыл. Сондай-
ақ  Мені  еске  алу  үшін  намазды  толық  орында.  Əркім  істегенінің 
бодауын (өтемін) алу үшін, Мен мезгілін құпиялаған Қиямет анық 
келеді». 
(Таһа сүресі, 13-15)
Аллаға бой ұсыну
Біз əрбір үмбет үшін өздеріне берген малдардан, Алланың ғана 
атын атап құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тəңірлерің – бір-ақ Тəңір. 


109
 
Сондықтан  Соған  бой  ұсыныңдар. (Мұхаммед!)  Ықыластыларды 
қуандыр.  Олар  қашан  Алла  зікір  етілсе,  жүректері  лүпілдейді. 
Өздеріне  келген  ауыршылыққа  шыдап,  намазды  орындай  отырып, 
берген  несібемізден  тиісті  орынға  жұмсайды. 
 (Хаж сүресі, 34-35)
Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да, Одан 
өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар! 
(Ағраф сүресі, 3)
Олар (яһуди, христиандар) ғалымдары мен машайыхтарын жəне 
Мəриəм    ұлы  Ғисаны  Алладан  өзге  тəңір    қылып  алды.  Негізінде, 
олар бір Тəңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын. Өйт-
кені, Одан басқа ешбір тəңір жоқ. Ол олардың қосқан  серігінен пəк. 
(Тəубе сүресі, 31)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет