Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет109/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Адамның сынағы
(Алла): «Ей, Адам! Сен жəне жұбайың жəннатқа орналас. Екеуің 
қалағандарыңша  жеңдер.  Алайда,  осы  ағашқа  жоламаңдар.  Сонда 
залымдардан боласыңдар», – деді.
(Ағраф сүресі, 19)
Жəне  де: «Ей,  Адам!  Сен  де,  жұбайың  да  жəннатта  тұрыңдар, 
ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. 


115
 
Онда  жазықтылардан  боласыңдар»  деген  едік. (Бұл  ағаш  көбінесе 
бидай немесе жүзім ағашы делінген).
(Бақара сүресі, 35)
Сонда  Адамға: «Күдіксіз,  осы  саған  да,  жұбайыңа  да  дұшпан. 
Екеуіңді  жəннаттан  шығарып  жібермесін.  Сонда  машақат 
тартасыңдар», – дедік.  Күдіксіз, сен жəннатта аш-жалаңаш қалмай-
сың. Сондай-ақ онда шөлдемейсің де, күннің ыстығы өтпейді. 
(Taha сүресі, 117-119)
Рас,  бұрын  Адамға  үкім  берген  едік.  Алайда,  ол  ұмытты.  Оны 
төзімді таппадық. 
(Taha сүресі, 115)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет