110
Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (əр халде) Алланы
еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында
ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пəксің,
бізді от азабынан сақта!», «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расын-
да, оны қорладың. Залымдардың еш жəрдемшісі жоқ». «Раббымыз!
Біз Раббыларыңа иман келтіріңдер (деп) шақырған шақырушыны
естіп, иман келтірдік. Раббымыз! Енді күнəларымызды жарылқап,
жамандықтарымызды жасыр. Жəне жақсылармен бірге өлім бер!»
«Раббымыз! Бізге елшілеріңе уəде еткендеріңді бер. Сондай-ақ бізді
Қиямет күні қорлама. Күдіксіз, Сен уəдеден айнымайсың» (деп
тілейді)
(Əли Имран сүресі, 191-194)
Достарыңызбен бөлісу: