112
салады. Ол өте үстем, аса дана. (Жетінші сүренің жүз елу сегізінші
аяты бойынша, Мұхаммед (ғ.с.) бүкіл адам баласына Алла тарапы-
нан елші екендігі даусыз. Араб тілінде түскен Құранның əр тілдегі
аудармасы уəкілдік етеді).
(Ибраһим сүресі, 4)
Расында, сенен бұрында елшілер жібердік. Олардың кейбірін
саған баян еттік те кейбірін баян етпедік. Ешбір елші Алланың
рұқсаты болмайынша бір мұғжиза келтіре алмайды. Қашан Алланың
əмірі келсе, хақиқат бойынша үкім етіледі. Бұл жерде бұзақылар
зиянға ұшырайды.
(Ғафыр сүресі, 78)
Достарыңызбен бөлісу: