Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Хз. Нұхтың өз қауымына пайғамбарлық етуі



Pdf көрінісі
бет110/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Нұхтың өз қауымына пайғамбарлық етуі
Расында,  Нұхты  (ғ.с.)  еліне  пайғамбар  етіп  жібердік.  Сонда 
ол: «Ей,  елім!  Аллаға  құлшылық  қылыңдар,  сендердің  Одан  басқа 
тəңірлерің жоқ. Шəксіз, мен сендерге келетін ұлы күннің азабы нан 
қорқамын», – деді. 
(Ағраф сүресі, 59)
Хз. Нұхтың өз халқын бір Аллаға құлшылық қылуға 
шақыруы
Əрине,  Біз  Нұхты  (ғ.с.)  қауымына  жібердік: «Мен  сендер  үшін 
ап-ашық бір ескертушімін. Аллаға ғана ғибадат қылыңдар, шынын-
да, мен сендерге күйзелтуші күннің азабынан қорқамын», – деді. 
(Һуд сүресі, 25-26)
Расында, Нұхты (ғ.с.) еліне: «Қауымыңды күйзелтуші азап келу-
ден  бұрын  қорқыт (ескерт)» деп  жібердік. 
(Нұх сүресі, 1)
Рас,  Нұхты  (ғ.с.)  еліне  жібердік.  Сонда  ол: «Ей,  елім!  Аллаға 
құлшылық  қылыңдар.  Одан  басқа  тəңірлерің  жоқ.  Сонда  да 
қорықпайсыңдар ма?» – деді.  
(Муминун сүресі, 23)


116
Рас, Нұхты (ғ.с.) еліне жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз 
елу жыл тұрды. Сол уақытта  оларды   топан басып алды, олар залым 
еді.  
(Ғанкəбут сүресі, 14)
Нұхтың (ғ.с.) елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды. Сол 
уақытта  олардың  туысы  Нұх  (ғ.с.): «Қорықпайсыңдар  ма?» – деді. 
«Рас, мен сендер үшін сенімді бір Елшімін. Енді Алладан қорқып, 
маған бағыныңдар. Бұған сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым 
əлемдердің Раббына тəн. Алладан қорқып, маған бағынындар». 
 (Шұғара сүресі, 105-110)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет