113
Сен қанша ынтазар болсаң да, адамдардың көбі иман келтір-
мейді. (Істегендеріңе) олардан ақы сұрамайсың. Ол Құран бүкіл
əлем ге тəн үгіт.
(Юсып сүресі, 103-104)
Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: «Ей, қауымым! Елшілерге
ілесіңдер», – деді. «Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер.
Олар тура жолда».
(Ясин сүресі, 20-21)
(Мұхаммед ғ.с.) негізінде, сені қуандырушы, ескертуші ғана
қылып жібердік. Оларға: «Бұған сендерден ақы емес, Раб быларың-
ның жолын ұстағысы келген кісіні ғана қалаймын» де.
(Фұрқан сүресі, 56-57)
(Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Шын мəнінде, сендерге бір үгіт
беремін; Алла үшін екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар да, сонан соң
ой ланыңдар. Жолдастарыңда бір жындылық жоқ. Ол сендер үшін
келетін қатты азапты алдын ала ескертуші ғана» де. Оларға: «Сен-
дерден ақы тілемедім. Ол сендердікі болсын. Менің ақым Аллаға
ғана тəн. Ол əр нəрсеге куə» де!
(Сəбə сүресі, 46-47)
Достарыңызбен бөлісу: