Пайғамбарлардың жіберілуіндегі мақсат Елшілерімізді (жəннат нығметтерімен) қуантушы əрі (тозақ азап-
тарымен) ескертуші етіп жібереміз. Сонда кім иман келтіріп өзін
түзелтсе, онда оларға қорқу жоқ əрі олар қайғырмайды.
(Əнғам сүресі, 48) Осының (елші жіберілудің) себебі – Раббыңның халқы хабарсыз
бір кентті зұлымдықпен жоқ етуші еместігі.
(Əнғам сүресі, 131) Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы (еск-
ертуші) етіп қана жібердік. Бірақ, адамдардың көбі түсінбейді.
(Сəбə сүресі, 28) Пайғамбарларды қуандырушы, ескертуші етіп жібердік. Елші-
лерден кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін.
Алла аса үстем, хикмет иесі.
(Ниса сүресі, 165)