Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет113/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Мүміндердің кемеге мінуі 
Ақыры  əміріміз  келген  заманда  таңдырдан  су  қайнады.  Нұхқа 
(ғ.с.): «Ол кемеге əр нəрседен бір жұп жəне бұрын үкім етілгеннен 
басқа,  отбасыңды  орналастыр.  Əрі  иман  келтіргендерді  де  ал», – 
дедік. Негізінде, онымен бірге иман келтіргендер өте аз ғана еді. Нұх 
(ғ.с.): «Кемеге отырыңдар. Оның жүруі де, тұруы да Алланың аты-
мен. Расында, Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді», – деді. 
(Һуд сүресі, 40-41) 
Топанның басталуы
Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық. Жерді жа-
рып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі əмір бойынша қосылды. 
Оны  (Нұхты)  шегеленген  тақтайлы  кемеге  орналастырдық.  Қарсы 
келгендерге жаза түрінде Нұхтың (ғ.с.) кемесі көз алдымызда жүріп 
бара  жатты. 
(Қамар сүресі, 11-14) 
Хз. Нұхтың өз ұлымен сөйлесуі 
Кеме оларды таулардай толқында алып жүрді. Нұх (ғ.с.) айрылу-
да болған ұлына: «Ей, балақайым! Бізбен бірге кемеге отыр, қарсы 
болушылардан  болма!» – деп  дыбыстады.  Ұлы  Кенған: «Мені  су-
дан  сақтайтын  тауға  паналаймын», – деді.  Əкесі: «Бүгін  Алланың 
əмірімен сақтаушы жоқ. Бірақ, біреуге мəрхамет етсе басқа» деген-
де, екеуінің арасына толқын түсіп, Кенған суға батқандардан болды.
(Һуд сүресі, 42-43)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет