Жəннат қызметіндегі періштелер
Ол сондай тақуалар, жақсы жағдайда періштелер жандарын
алып: «Сендерге есендік болсын, ғамалдарыңа орай жəннатқа
кіріңдер», – дейді.
(Нахыл сүресі, 32)
Ал Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ бо-
лып жəннатқа жолданады. Сондай-ақ олар оған барғанда оның
есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: «Сендерге сəлем. Қош
келдіңдер, жəннатқа мəңгі қалатын түрде кіріңдер», – дейді.
(Зумəр сүресі, 73)
169
БЕСІНШІ ТАРАУ.
ИМАН ЖƏНЕ КҮПІРЛІК
Дінде зорлық жоқ
Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ибраһимнің
(ғ.с.) жолы. Алла бұрын да, осы Құранда да пайғамбардың сендерге
куə болуы, сендердің де адамдарға куə болуларың үшін «Мұсылман»
деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де,
Аллаға жабысыңдар. Иелерің Сол, нендей жақсы ие. Нендей жақсы
жəрдемші!
(Хаж сүресі, 78)
Саған Құранды машақат үшін түсірмедік. Бірақ, қорыққан кісіге
насихат үшін түсірдік.
(Taha сүресі, 2-3)
Расында, Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші
бар ма?
(Қамар сүресі,17)
(Мұхаммед ғ.с.) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып,
қасарысқан елді қорқытуың (ескертуің) үшін өз тіліңде оңайлас-
тырып түсірдік.
(Мəриəм сүресі, 97)
Кім Алладан қорықса, оның ісіне оңайлық жасайды.
(Талақ сүресі, 4)
Саған оңай болғанды қолайластырамыз.
(Ағлə сүресі, 8)
Ал енді əлдекім (Алла жолында) берсе, тақуалық қылса, жақ-
сылықты дұрыс деп білсе, сонда оның жолын оңайластырамыз.
(Лəйл сүресі, 5-7)
170
Негізінен, Алла сендерге жеңілдікті қалайды. Өйткені, адам ба-
ласы əлсіз жаратылған.
(Ниса сүресі, 28)
Жəне иман келтіріп, ізгі іс істегендер, негізінде, біреуге шама-
сы келетінді ғана жүктейміз. Солар – жəннаттық. Олар онда мəңгі
қалушылар.
(Ағраф сүресі, 42)
Кісіге шамасы келетінді ғана міндеттендіреміз. Жанымыз-
да шындықты сөйлейтін бір Кітап бар. (Лаухыл-Махфұз не амал
дəптері). Олар зұлымдық көрмейді.
(Муминун сүресі, 62)
Достарыңызбен бөлісу: |