Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Құрандағы мүміндердің сипаты



Pdf көрінісі
бет186/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   359
Құрандағы мүміндердің сипаты 
«Барлық  мақтау,  бала  иемденбеген  əрі  мүлкінде  еш  серігі 
болмаған, сондай-ақ əлсіздіктен көмекшісі болмаған Аллаға лайық» 
де. Жəне Оны өте  ұлықта.
(Исра сүресі, 111) 
Енді  Мені  еске  алыңдар,  Мен  де  сендерді  еске  аламын  жəне 
Маған шүкірліктеріңді қылыңдар да, қарсы болмаңдар.
(Бақара сүресі, 152) 
Алла  сендерден  иман  келтіріп,  ізгі  іс  істегендерге;  өздерінен 
бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уəде етті. Сондай-
ақ олар үшін Өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін 
бейбітшілікке айналдырады. Олар Маған құлшылық қылады. Маған 
еш нəрсені серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне, со-
лар – бұзақылар. 
(Нұр сүресі, 55)
(Мұхаммед ғ.с.) бəрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. 
Алла  жаратылыста  адам  баласын  соған  арнап  жаратқан.  Алланың 
жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ, адамдардың 
көбі  түсінбейді. 
(Рум сүресі, 30)


171
 
Расында, Біз оларды нағыз ақыретті еске алуға арнадық. 
(Сад сүресі, 46)
(Ол): «Раббым,  мені  қаңғыртқандығың  үшін;  əлбетте,  адам  ба-
ласына жер жүзіндегі (жаман) нəрселерді жақсы көрсетіп, олардың 
барлығын  адастырамын»  деді. «Бірақ,  олардың  ішіндегі  нағыз 
құлдарыңды адастыра алмаймын» (деді).
(Хижр сүресі, 39-40)
Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіндер, 
міне, солар – Алла өздерін тура жолға салғандар. Ал міне, солар –
ақыл иесі. 
(Зумəр сүресі, 18)
(Бала): «Рас,  мен – Алланың  құлымын.  Маған  кітап  беріп, 
пайғамбар қылды», – деді. «Сондай-ақ мені қайда болсам да, құтты 
етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды». 
«(Мені) анама  мейірімді  етіп, бір  зорлықшыл  жəне қиқар қылмады». 
(Мəриəм сүресі, 30-32)
(Мұхаммед ғ.с.) Кітаптағы Мұсаны (ғ.с.) есіңе ал. Рас, ол ықылас-
ты  əрі  жіберілген  пайғамбар  еді.
(Мəриəм сүресі, 51)
(Мұхаммед ғ.с.) Құрандағы Исмайылды (ғ.с.) есіңе ал. Шынын-
да, ол уəдесіне берік əрі жіберілген бір пайғамбар еді. Үй-ішіне на-
маз  бен  зекетті  орындауды  бұйыратын  еді.  Сондай-ақ  Раббының 
қасында  сүйікті  еді. (Мұхаммед  ғ.с.)  Кітаптағы  Ыдырысты  (ғ.с.) 
ескер. Өйткені, ол шыншыл бір пайғамбар еді. Оны жоғары орынға 
көтердік. (Пайғамбарлық дəрежесіне, Аллаға жақындауға, жəннатқа 
жəне көкке шығаруға).  
(Мəриəм сүресі, 54-57)
Құлдарымыздан  біреу  тақуа  болса,  соны  мұрагер  ететін  бейіш 
осы. (Бір уақ Жебірейіл ғ.с. кешіккендіктен Мұхаммед ғ.с. алаң бо-
лады).   
(Мəриəм сүресі, 63)
Ибраһимнің  (ғ.с.)  əкесі  үшін  жарылқау  тілеуі,  оған  берген  бір 


172
уəде  бойынша  ғана  еді.  Өзіне  оның  (əкесінің)  Алланың  дұшпаны 
екені  білінген  кезде,  одан  безді.  Расында,  Ибраһим  қажырлы  əрі 
жұмсақ мінезді еді. 
(Тəубе сүресі, 114)
(Алла): «Ей,  Мұса!  Шынында,  сені  адамдардан  елшілікке 
жəне  сөйлесуге  таңдап  алдым.  Ендеше,  саған  бергендерімді  ал  да, 
шүкірлік етушілерден бол», – деді. 
(Ағраф сүресі, 144)
Ибраһимнен  (ғ.с.)  қорқу  кетіп,  оған  қуаныш  келген  сəтте  Біз 
(елшілеріміз)-бен Лұт елі жайында сөзге килікті. Шынында, Ибраһим 
(ғ.с.) анық  жұмсақ,  тым  қамқор, бой  ұсынушы.
(Һуд сүресі, 74-75)
(Мұхаммед ғ.с.) пайғамбарлардан майталмандар, сабыр еткенін-
дей сабыр ет. Олар үшін асықпа, олар өздеріне уəде етілгенді көрген 
күні  дүниеде  күндізден  бір  дем  ғана  тұрғандай  білінеді.  Бұл  бір 
ұқтыру. Бұзақы ел ғана жоқ етіледі.
(Ахқаф сүресі, 35)
«Қолыңа  бір  топ  ши  алып,  сонымен  бір  ұр.  Сертіңнен  қайтпа! 
Шынында, оны сабырлы көрдік. Ол недеген жақсы құл. Өйткені ол, 
өте  бойсұнушы.  (Мұхаммед  ғ.с.)  құлымыз  Ибраһим,  Ысхақ  жəне 
Яғқұпты  (ғ.с.)  есіңе  ал.  Олар  мықты  да,  қырағы  еді.  Расында,  Біз 
оларды нағыз ақыретті еске алуға арнадық. Сөз жоқ, олар қасымызда 
таңдаулы,  игі-жақсылардан.  (Мұхаммед  ғ.с.)  Исмайыл,  Іляс  жəне 
Зүлкəфілді (ғ.с.) де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді. Бұл бір на-
сихат. Күдіксіз, тақуалар үшін тым көркем келешек бар. 
(Сад сүресі, 44-49)
Сол уақытта періштелер: «Ей, Мəриям! Расында, Алла сені Өз 
тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мəсих Ғиса Мəриям ұлы, 
дүние-ақыретте беделді, сондай-ақ Аллаға жақындардан болады», –
деді. 
(Əли Имран сүресі, 45)
Сондай Аллаға, елшісіне иман келтіргендер, міне, солар – Раб-
быларының қасында шыншылдар жəне шейіт болғандар. Олар үшін 


173
 
сыйлықтар жəне нұрлар бар. Ал сондай қарсы келіп, аяттарымызды 
жасынға шығарғандар, міне, солар – тозақтық. 
(Хадид сүресі, 19)
(Ғамал  дəптері  оңынан  берілген)  оңшылдар,  нендей  жақсы  ол 
оңшылдар. (Ғамал  дəптері  солынан  берілген)  солшылдар,  нендей 
жаман ол солшылдар. Озаттар алдыңғы қатарда болады. Міне, солар 
– Аллаға жақын болғандар.  Ұжмақта нығметке  бөленеді. 
(Уақиға сүресі, 8-12)
Мұхаммед  (ғ.с.) – Алланың  елшісі.  Онымен  бірге  болғандар, 
қарсы келгендерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рүкұғда, 
сəждеде  көресің.  Олар  Алладан  мəрхамет  əрі  ризалық  тілейді. 
Олардың  жүздерінде  сəжделердің  ізінің  дерегі  бар.  Олардың 
Тəуратта  да  сипаттары,  Інжілде  де  сипаттары  бар;  бұл  бас  жарып, 
сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл 
(мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен имансыздарды ызаланды-
ру үшін. Алла олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, 
зор сыйлық уəде етті. 
(Фатх сүресі, 29) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет