Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Алланың имансыздарға қойған сұрақтары



Pdf көрінісі
бет188/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Алланың имансыздарға қойған сұрақтары   
Адам  баласы  бос  қоя  берілеміз  деп  ойлай  ма?  Ол  (жатырға) 
тамызылған бір тамшы мəни емес пе? Сонан соң ол ұйыған қан бол-
ды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. Сонда одан ер, əйел екі жыныс 
жаратты. Бұларды жасаған Алланың өліктерді қайта тірілтуге күші 
жетпей ме?  
(Қиямет сүресі, 36-40)
Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. 
Тағы өлтіреді. Содан соң қайта тірілтеді. Сонан соң (Қияметте) Оның  
алдына  қайтарыласыңдар. 
(Бақара сүресі, 28)
Олар білмей ме? Негізінде, Алла олардың көрнеу, көмес істеген-
дерін  біледі. 
(Бақара сүресі, 77)
Олар: «Бізді тозақ оты санаулы күндер ғана (азапта) ұстайды»,–
дейді. (Мұхаммед  ғ.с.)  оларға: «Алладан  уəде  алдыңдар  ма?  Алла 
уəдесін сірə бұзбайды. Немесе Аллаға білмегендеріңді айтасыңдар 
ма?» де. 
(Бақара сүресі, 80)
(Мекке  мүшріктеріне)  Алла  түсірген  (Құранға)  бой  ұсыныңдар 
делінсе,  олар: «Жоқ,  үстінде  ата-бабаларымызды  тапқан  жолға 


178
ілесеміз», – деді. Егер аталары еш нəрсені түсінбеген əрі тура жолда 
болмаған болса да ма? (Сонда да  солардың  жолымен  жүре  ме?).
(Бақара сүресі, 170)
Олар  Алланың  дінінен  басқа  дін  іздей  ме?  Көктердегі  жəне 
жердегі барлық жан иесі ерікті, еріксіз Аллаға бой ұсынады. Сондай-
ақ олар, ол жаққа қайтарылады.
(Əли Имран сүресі, 83)
Алла  ризығын  тоқтатса,  сендерді  қоректендіретін  кім?  Əрине, 
олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда. 
(Мүлік сүресі, 21)
Олардың əкімшіліктен бір үлесі бар ма? Ондай болса, олар адам-
дарға  түк  бермес  еді. 
(Ниса сүресі, 53)
Немесе жамандық істегендер, Бізден қашып құтыламыз деп ой-
лай ма? Олар нендей жаман үкім береді! 
(Ғанкəбут сүресі, 4)
Ал  сонда  олар  Құранды  түсінбей  ме?  Егер  Алладан  басқаның 
қасынан  болса  еді,  əрине,  онда  олар  көптеген  қайшылықтар  табар 
еді.
(Ниса сүресі, 82)
Олардан бұрын қаншалаған нəсілдерді жоқ еткенімізді көрмеді 
ме?  Оларға  жер  жүзінде  сендерге  бермеген  мүмкіншілікті  берген 
едік. Оларға аспаннан жаңбыр жіберіп, астарынан өзендер ағыздық. 
Бірақ,  қылмыстары  себепті  оларды  жоқ еттік те, олардан  кейін 
бас қа нəсіл  жараттық. 
(Əнғам сүресі, 6)
Аллаға ортақ қосушыларға: «Егер сендерге Алланың азабы кел-
се немесе Қиямет келсе, Алладан басқаны шақырасыңдар ма? Егер 
сөздерің рас болса, маған білдіріңдер» де. 
(Əнғам сүресі, 40)


179
 
(Мұхаммед ғ.с.): «Аллаға теңеген серіктеріңнен, тұңғыш жара-
тып, сонан соң өлтіріп қайта тірілтетін бар ма?» – де. «Алла бастап-
та жаратып, сонан соң қайта тірілтеді. Сонда қайда бұрылып бара 
жатырсыңдар?» – де. 
(Юныс сүресі, 34)
(Ей,  Мұхамед  ғ.с.): «Егер  Алла  есту,  көру  сезімдеріңді  алып, 
жүректеріңді  мөрлесе,  Алладан  басқа  сендерге  оны  əкелетін  тəңір 
кім?  Маған  білдіріңдер»  де.  Қара!  Аяттарымызды  қандай  айырып 
түсіндіреміз. Одан кейін де, олар одан жүз бұрады.
(Əнғам сүресі, 46)
Олар өздеріне періштелердің келуін немесе Раббыңның келуін, 
не  Раббыңның  кей  белгілерінің  келуін  ғана  күте  ме?  Раббыңның 
белгілерінен кейбіреуі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген не-
месе  сенімі  бойынша  бір  қайыр  істемеген  біреудің  иманы  пайда 
бермейді. (Мұхаммед ғ.с.): «Күтіңдер, шəксіз, күтеміз» де.
(Əнғам сүресі, 158)
Олар  көктер  мен  жердегі  Алланың  мүліктеріне  жəне  Алла 
жаратқан  нəрселеріне,  сондай-ақ  өздерінің  ажалдарының  жақын 
болуының мүмкін екендігін ойламай ма? Ал енді олар бұдан кейін 
қай сөзге сенеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет