Киім жəне киінуі əдебі Ей, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім жəне сəндік-
бұйым түсірдік (жараттық). Негізінде, тақуалық киімі жақсы. Со-
лар – Алланың белгілері. Əрине, түсінерсіңдер. Ей, адам баласы!
Шайтан ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін
шешіп, жəннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын.
Өйткені, ол жəне оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жер-
ден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық.
(Ағраф, 26-27) Əйелдердің киінуі Мүмін əйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын.
Əрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін
көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті,
қол-аяқтары, əшекейлері). Жəне бүркеншіктерін омырауларына
түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ: Ерлеріне, əкелеріне, қайын
аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың
ұлдарына, əпеке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман əйелдерге,
қолдарындағы күңдеріне, əйел керек қылмайтын қызметшілерге не-
месе əйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне
болады. Жəне де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін
аяқтарын ұрып жүрмесін. Ей, мүміндер, түгел Аллаға тəубе
қылыңдар! Əрине, құтыларсыңдар.
(Нұр, 31) Ей, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа жəне мүмін əйелдерге
айт: «Үстеріне бүркеншектерін орансын. Бұл олардың танылулары-
на, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла аса жарылқаушы,
тым мейірімді.
(Ахзаб, 59)
271
Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кемпірлердің зейнеттерін
ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса,
олар үшін тағы жақсы. Алла толық естуші, əр нəрсені білуші.
(Нұр, 60)