Əшекейдің халалдығы (Мұхаммед ғ.с.): «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған
нəрсесін (киімін) жəне берген жақсы несібелерін кім арам етті» де.
«Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін. (Алайда
иман келтірмегендер де ортақ). Қиямет күні мүміндерге ғана» де.
Білген елге аяттарды өстіп түсіндіреміз.
(Ағраф сүресі, 32) Дүниелік əшекей – алтын
Адам баласы үшін əйелдер, балалар, алтын күмістен жиналған
қазыналар, сəнделген аттар, малдар жəне егіндерді қызыға сүю əдемі
көрсетілді. Бірақ, олар дүние тіршілігінің сəні. Негізінде, орынның
жақсысы Алланың қасында.
(Əли Имран сүресі, 14) Оған алтыннан білезіктер неге салынбаған немесе онымен бірге
періштелер неге жолдас болып келмеген?
(Зухруф сүресі, 53)