272
тұра, пайдасынан көрі күнəсі зорырақ» де. Ал жəне сенен: «Алла
жолында не беретіндіктерін» сұрайды. «Артығы беріледі» де. Алла
сендер түсінер деп аяттарын өстіп баян етеді.
(Бақара, 219)
Ей, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (бұттар) жəне бал
ашатын оқтар
– лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар,
құтыларсыңдар. Негізінен, шайтан арақта, құмарда араларыңа
дұшпандық əрі кек салып, Алланы еске алудан жəне намаздан тосу-
ды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?
(Мəидə, 90-91)
Достарыңызбен бөлісу: