ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА Оларға тəуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа
құлақ, тіске тіс жəне жараларға да, қарама-қарсы төлеу (қысас)
жаздық. Дегенмен біреу оны кешірім етсе, сонда ол оған кəппарат
болады. (Өз күнəсы кешіледі).
(Мəидə, 45) Діннен қайту жəне оның жазасы Ей, мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: Азат-
қа азат, құлға құл, əйелге əйел (өлтіріледі). Дегенмен оған туыс
жағынан кешірілсе, оның ережеге үйлесуі екінші жақтың да оған
дұрыс төлеуі қажет. (Егер қысас кешіріліп, құнға тоқтаса, алушының
орынсыз егеске қысас істемеуі, берушінің де дұрыс орындауы ке-
рек.) Міне, осы – Раббылары жағынан жеңілдік жəне мəрхамет. Ал
кімде-кім бұдан кейін шектен шықса, (кек сақтаса) ол үшін ақыретте
күйзелтуші азап бар.
(Бақара, 178) Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көрген біреуден
басқа біреу; иман келтіргеннен кейін Аллаға қарсы келсе, сондай-ақ
біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы жəне оларға
зор азап бар. (Бұл аят бойынша, жүрегіндегі Аллаға сенімі мықты
біреудің зорлық көргенде қарсылық сөз айтуына болады).
(Нахыл, 106)