104
деп аталады. Олар күшті дəрежеде уақталған, желімдеушілік
қасиеті бар, яғни құрылымы жақсы, сіңіру қабілеті де жоғары.
Осы саз минералдардың мөлшеріне топырақтың жабысқақтығы,
су өткізгіштігі, ісінгіштігі ылғал сіңірімділігі тікелей байланысты
келеді. Топырақ құрамындағы туынды минералдардың мөлшеріне
өсімдіктердің қоректенуін қамтамасыз ететін топырақтың құрылымы,
химиялық, физикалық, сулық, ауалық қасиеттері, құнарлығы тікелей
байланысты болады.
Топырақтың қатты фазасының химиялық құрамы да топырақ
түзуші жыныстардың құрамына сəйкес келеді. Топырақта кремний
тотығы SiO
2,
органогендік элементтер С, Н, О, N, P, S, K, Ca, Mg көп
мөлшерде кездеседі. Соңғылары өсімдік қорегінің көзі болып табы-
лады жəне топырақ құнарлығы солардың мөлшеріне байланысты
болады. Өсімдіктердің қоректенуінде азот, фосфор, калий үлкен рөл
атқарады. Азот топырақта нитраттар жəне аммоний тұздары түрінде
кездеседі. Ол топырақ ауасының жəне гумустың (қарашіріктің)
құрамына кіреді. Азоттың көптеген қосындылары өте жылжыма-
лы, оңай шайылады. Топырақтағы азоттың, фосфордың, калийдің
жетіспейтін бөлігін минералдық жəне органикалық тыңайтқыштар
арқылы енгізеді.
Топырақта өсімдікке зиянды: хлор, натрий, марганец, алюминий,
магний сияқты улы элементтер де бар. Олардың мөлшері көп бол-
са, топырақты тұздандырады. Топырақта микроэлементтер де: бор,
молибден, цинк, кобальт, йод бар. Бұлар маңызды физиологиялық,
биохимиялық рөл атқарады. Топырақта аз мөлшерде радиоактивті
элементтер кездеседі. Радиоактивті элементтер топыраққа
табиғи жəне жасанды радиактивтілік береді. Топырақтың табиғи
радиактивтілігі оның құрамындағы уранның, торийдің, радийдің
мөлшеріне байланысты. Жасанды радиоактивтілік адамның атом
энергиясын пайдалануынан туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: